ЖАҢАШЫЛДЫҒЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНГЕН АШЫҚ САБАҚТАР » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАҢАШЫЛДЫҒЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНГЕН АШЫҚ САБАҚТАР
10
март
2023

ЖАҢАШЫЛДЫҒЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНГЕН АШЫҚ САБАҚТАР

     Соңғы бір-екі күн көлемінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында тағы бірнеше ашық сабақтар өткізіліп, заманауи әдіс-тәсілдер мен сабақ өткізудің тиімді технологиялары мектеп мұғалімдері мен жас мамандарға ұсынылды. Барлық ашық сабақтар жаңашылдығымен, өзіндік ерекшелігімен өткізілді. Оқу материалдарын игеруде, сабақ құрылымдарында және оқушыларды ұйымдастыра білуде көптеген тиімді тәсілдер ортаға салынды. Кәсіби маман ретінде танылған Торғанбеков Асан Ержанұлының қазақ тілінен 6 «Ә» сыныбына өткізген «Қауышу күні» тақырыбындағы ашық сабағы әрбір минутты тиімді пайдалана отырып, тапсырмаларды орындауда таймермен жұмыс істеудің маңызы, сабақ құрылымы, мақсатқа қалай жету керектігі, жаңаша тәсілдерді (мәселен, кьюар код және т.б.) қолданудың қаншалықты пайдасы бар екендігін көрсетіп берді. Ерсариев Медет Ермағанбетұлының сабағындағы «Вейер» әдісі, «Синквей», «Класс До Джо» дегендей әдістер сабақ берудің тиімділігін арттыра түсетіндігін айқындады. Сейдазимова Элеонора Шәріполлақызының да «Жасөспірім құқығы» тақырыбындағы ашық сабағы өте жақсы өтіп, көңілден шықты. Бірлестік жетекшісі Ахметова Хабира Берікболқызының «Біз – Түркілерміз» деген ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған ашық сабағы да жоғары деңгейде өтіп, сабаққа қатысқан барша мұғалімдерге үлкен әсер қалдырды. Ардагер ұстаз Жабаева Гүлбаршын апайдың сабағы жазушы-драматург Дулат Исабековтың «Әпке» драмасына арналып, көрініске негізделіп, топ-топпен жұмыс істеп, сахналық қойылыммен, оқушылардың белсене қатысуымен ерекшеленді. Жалпы бұл ашық сабақтар және сабақтардан кейінгі талқылаулар, ұсыныс-пікірлер, артық-кем тұстары сабақ беруші мұғалімдерге және жас мамандарға тәжірибе жинақтау үшін аса қажет, сонымен бірге сабақта кездесетін кедергілер мен оның шешу жолдары біліп, кәсіби тұрғыда жетілу үшін де пайдасы тиіп жатады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі аясында болып жатқан іс-шаралар мен ашық сабақтар жоспарға сай өтіп, барша әріптестердің көңілдерінен шығып жатыр. Бұндай игі істер әлі де жалғасын тауып, жүзеге асырыла беретін болады.   

 

Похожие публикации:

12 февраль 2021 Ашық сабақтар
12 февраль 2021 Ашық сабақтар
12 февраль 2021 Ашық сабақтар