«TRAINING AND QUALIFICATION» » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2023

«TRAINING AND QUALIFICATION»

      Бүгін ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында пән мұғалімі Айгерім Мекзамның 8 «В» сыныбына ашық сабағы өтіп, «Оқыту және біліктілік» тақырыбында сабақ жүргізді. Оқушыларды топ-топқа бөліп, интерактивті тақта, ЛД экранды пайдаланып, слайд-бейнефильмдерді көрсетіп, оқушылардың белсене қатысуын қадағалап отырды. Балалар да өз кезегінде сұрақтарға жауап беріп, берілген тапсырмаларды орындап, топпен орындаған жұмыстарын тақтаға шығып, ағылшын тілінде бірлесе қорғап, жоғары баға алуға тырысып жатты. Жалпы сабақ жақсы өтіп, өз мақсатына жете білді. Берілген тапсырмалар өз деңгейінде орындалды. Қолданылған әдіс-тәсілдер тиімділігін көрсетті.