ОНКҮНДІК АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР ӨТУДЕ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ОНКҮНДІК АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР ӨТУДЕ.
07
март
2023

ОНКҮНДІК АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР ӨТУДЕ.

      Осы аптада қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында кезекті ашық сабақтар өтіп, жоспарға сай жүзеге асырылды. Дүйсенбі күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Такежанова Бақыт Ахатқызының көрнекті жазушы, әйгілі партизан Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесі негізінде «Бейбіт күн салтанаты» деген тақырыпта 7 «В» сыныбында ашық сабағы өтсе, бүгін әріптестеріміз Оспанова Гүлжан Сәбитқызы мен Заманбекова Гүлбану Құдайбергенқызының ашық сабақтары өтті.  Қазақ тілі пәнінен Гүлжан Сәбитқызының «Жолашар. Тоқымқағар» тақырыбы бойынша 6 «Б» сыныбына ашық сабағы өтсе, 8 «Г» сыныбына қазақ әдебиетінен Дулат Исабековтың «Әпке» драмасы тақырыбында Гүлбану Құдайбергенқызының сабағы өткізілді. Тәжірибесі көп, білім-білігі мол мұғалімдеріміздің сабақтары өте жақсы өтіп, мақсаттарына жете білді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің сыни пікірлерін білдіріп, тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін көрсетіп отырды. Ашық сабақтан кейінгі болатын талқылауларда оқу ісінің меңгерушілері мен пән мұғалімдері өткен сабақтарға ой-пікірлерін айтып, сабақтарда қолданылған әдіс-тәсілдердің пайдалы тұстары сөз болып, мән-маңызы талқыланды. Тиісті нұсқаулықтар берілді. Жалпы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясындағы іс-шаралар өте жоғары деңгейде өтіп, мұғалімдер мен оқушылар белсене қатысып, жоспарға сай жүзеге асырылып келеді.