СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАҒА ОҚУШЫЛАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАҒА ОҚУШЫЛАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ.
25
апрель
2023

СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАҒА ОҚУШЫЛАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ.

      Бүгін ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында 9-сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. «Ағылшынша сөйлесейік!» тақырыбында өткен іс-шараға оқушылар белсене қатысып, білімдерін ортаға салды. Жалпы біздің мектебіміздің балалары ағылшын тілі бойынша өтетін әртүрлі конкурстар мен байқауларда әрдайым үздік болып, жеңімпаздардың қатарынан көрініп келе жатады. Бұл дегеніміз, ағылшын тілін үйретудегі жұмыстар дұрыс қолға алынып, тиімді ұйымдастырылуымен бірге пән мұғалімдерінің кәсібилік деңгейлерінің жоғары, оқыту методикасы нәтижелі екендіктерін көрсетсе керек. Бүгінгі ұйымдастырылған іс-шарада оқушылар бір-бірімен сайысқа түсіп, жоғары ұпай алуға, үздік болуға тырысып бақты. Осылайша іс-шара жақсы өтіп, жоғары көңіл-күймен аяқталды. 

Аталмыш іс-шараға жауапты болғандар- Лебекова Г.К., Жанбосынова Л.Т.