Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МЕКТЕПІШІЛІК ВОЛЕЙБОЛ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
03
ноябрь
2022

МЕКТЕПІШІЛІК ВОЛЕЙБОЛ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

        Оқушылардың күзгі демалыс күндерін тиімді өткізу, каникул уақытысында пайдалы іспен айналысуына ұйытқы болу- білім беру саласының маңызды бөліктерінің бірі. Әсіресе салауатты өмір салтын дұрыс ұстанып, дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қазіргі уақытта аса қажет. Осыған орай бүгін мектебімізде жоғары сынып оқушылары арасында волейбол спорт түрінен мектепішілік жарыс ұйымдастырылған еді. Әрдайым волейбол ойнауға құштарлық танытып жүретін біздің ұл-қыздарымыз, мектебіміздің "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері, бұл жолы да сайысқа белсене қатысып, үздік болуға тырысып бақты. Нәтижесінде жоғары ұпай жинап, үздік көрсеткіш көрсеткені үшін 11 «А» сынып оқушылар командасы І орынға ие болса, 10 «А» сынып ІІ орынды, 9 «А» сынып ІІІ орынға жайғасты. Қалған командалар арнайы грамоталармен марапатталды. Аталмыш игі шараны ұйымдастырған №59 мектеп-гимназияның дене шынықтыру пәні мұғалімдері. Жарайсыздар дейміз.