Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСТАРДЫҢ ПАЙДАСЫ КӨП
10
июнь
2022

КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСТАРДЫҢ ПАЙДАСЫ КӨП

      Салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру - бұл еліміздегі кең түрде жүзеге асырылып келе жатқан аса ауқымды шаралардың бірі. Әсіресе мектеп оқушылары арасында насихаттау және спортқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру- күн тәртібіндегі міндет. Сондықтан да дене тәрбиесіне жауапты мұғалімдер мен бірлестік жетекшілеріне үлкен жауапкершілік артылып, тұрақты іс-шараларды ұйымдастырып тұруды талап етеді. Осы аптада мектебіміздің Алибекова Сәуле Бақбергенқызы жетекшілік ететін денешынықтыру пәні бірлестігі Жазғы мектеп оқушылары арасында волейбол спорт түрінен жарыс өткізді. 8, 9, 10-сынып оқушылары арасында өткен сайыс тартысқа толы болып, оқушылардың үлкен белсенділігімен өтті. Нәтижесінде 10 «А» сынып оқушыларынан құралған топ І орын, 8 «А» сыныбынан құралған топ ІІ орын, 8 «Ә» сыныбының тобы ІІІ орынға ие болды. Жалпы волейбол және баскетбол - жастардың бойында ізгі қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізетін өте қолайлы әрі пайдалы спорт түрлері. Коммуникативті дағды, бірлікте әрекет ету, жауапкершілік, көмек қолын созу, достар санын арттыру секілді қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Сондықтан да балалардың қызыға ойнайтын, әрі пайдасы мол ойын түрлеріне көбірек басымдық беру де артықтық етпейді.