Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚАСТЕЕВ МУЗЕЙІНЕ САЯХАТ
10
апрель
2023

ҚАСТЕЕВ МУЗЕЙІНЕ САЯХАТ

      Өткен сенбі күні эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында бірлестік мұғалімдері оқушылармен бірге Қастеев музейіне саяхаттап қайтты. Шет елдік және қазақстандық танымал суретшілердің туындыларын тамашалаған оқушылар нағыз бейнелеу өнерінің құдіреті мен сырына үңіліп, көп нәрсені аңғарып қайтты. Жалпы мұражайларды аралату, өнер орталықтарына апару балаларға оң әсер етіп, бойларында өнерге деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын қалыптастыруға болады. Эстетикалық пәндер бірлестігінің мұғалімдері осы мәселелерді ескере отырып, әрі демалыс күндерін пайдалы етіп өткізу мақсатында өнер музейін аралатып қайтуды жоспарлаған болатын. Нәтижесінде оқушылар барғандарына қуанып, осындай саяхатты ұйымдастырған апайларына риза болып, рахметтерін айтып жатты.