БҮГІН ЭСТЕТИКАЛЫҚ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІГІНІҢ АШЫЛУЫ БОЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БҮГІН ЭСТЕТИКАЛЫҚ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІГІНІҢ АШЫЛУЫ БОЛДЫ.
03
апрель
2023

БҮГІН ЭСТЕТИКАЛЫҚ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІГІНІҢ АШЫЛУЫ БОЛДЫ.

     Бүгін «Өнер арқылы бейбітшілік пен өзара түсіністікке» деген тақырыпта Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы болды. Әрдайым сұлулық пен ізгілікке, шығармашылық пен өнерге үндеп, жақсылыққа шақырып жүретін эстетикалық пәндер бірлестігінің мұғалімдері енді он күн бойы көптеген игі шаралар мен ашық сабақтардың және байқаулардың ұйытқысы болмақ. Айталық, бүгін мектеп фоесінде «Балалар әлемді бейнелейді» тақырыбында Бижанова Гүлжан, Ұзақбаева Айгүл және Сауат Айманның жетекшілігімен сурет көрмесі  ұйымдастырылса, ертең Кыпшакова Дариға мен Алибекова Ләйлім апайлардың басшылығымен мектепішілік «Жұлдызды сәт» ән байқауы өткізілмек. Сонымен бірге онкүндік ішінде ашық сабақтар мен шеберлік сағаттары өткізіліп, Әбілхан Қастеев музейіне саяхат ұйымдастырылмақ. Әрбір іске өзіндік ұстанымдары мен қызықтырып алатын жаңашыл идеяларымен келетін бірлестік мүшелеріне сәттіліктер тілей отырып, көрермендерді ұйытып алатын, оқушылар мен мұғалімдерді таң қалдыратын ғажайып дүниелеріңіз көп бола берсін дегіміз келеді.