06
апрель
2023
ШЕБЕРЛІК САБАҚТА СӘНДІК СӨМКЕ ЖАСАДЫ.
Бүгін Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында «Фетрмен жұмыс жасау» тақырыбында шеберлік сабақ өтті. Ұйымдастырушы апайлар, «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері Бижанова Гүлжан мен Сауат Айман шеберлік сабағында мұғалімдерге фетрмен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін үйретіп, қалай әдемі, тез және күнделікті қажетті болатын заттарды жасаудың жолдарын көрсетті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер бір кісідей атсалысып, тігін өнеріндегі қабілеттерін ортаға салып, әдемі, шағын бұйымды жасап шығаруға тырысып бақты. Нәтижесінде барлық қатысушылар фетрді пайдалана отырып, безендірілген әдемі сөмкені жасап шығарды. Онкүндік аясында ұйымдастырылған аталмыш сабақ сәтті өтіп, қатысушы мұғалімдер дән-риза болып жатты.
