Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2023

«MY DAILY ROUTINE»

      Бүгін ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында іс-шаралар жалғасын тауып, жоспарға сай жүзеге асырылды. «Менің күнделікті істерім» («My daily routine») тақырыбында мұғалімдерге арналған кезекті сабақ өтіп, ағылшын тілін тереңірек меңгеруге мүмкіндіктер жасалды. Аталмыш сабақты пән мұғалімдері Құрбанбай Балжан мен Сейсенбек Ғазиза жүргізіп, қызықты әрі  пайдалы болуына ұйытқы болды. Қатысқан мұғалімдерге шет тіліндегі күнделікті қолданылатын сөздердің ерекшеліктері мен ережелерін айтып, қалай қолдану керектігін түсіндіріп берді. Нәтижесінде сабақ жақсы өтіп, белсенді мұғалімдерге жұлдызшалар мен кішігірім сыйлықтар беріліп, көңілді бір сәттер сыйлады.