Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
АШЫҚ САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ.
07
апрель
2023
АШЫҚ САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ.
     Бүгін бастауыш мектептегі 4 «Б» сыныбына «Ғарыш әуені» тақырыбында ашық сабақ өтті. Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында ұйымдастырылып жатқан бұл сабақты музыка пәнінің мұғалімі Алибекова Ләйлім апай өткізіп, балаларға музыканың құдіреті, олардың түрлері туралы айтып, барынша қызықты етіп жүргізіп отырды.  Оқушылар классикалық музыканың не екенін, поп музыка мен рок музыкалардың айырмашылықтары неде екенін біліп, білімдерін толықтырып алды. Сабақ барысында қолданылған
МЕКТЕПІШІЛІК ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ.
06
апрель
2023
МЕКТЕПІШІЛІК ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ.
       Бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушылары арасында «Жұлдызды сәт» мектепішілік өнер байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында мектебіміздің «Ақ желен» домбырашылар тобы жоғары ұпай алып, жеңімпаз атанды. Енді үздік болған жеңімпаздар алдағы аудандық, қалалық «Жұлдызды сәт» өнер байқауларына қатыспақ. Өнерпаз оқушыларымызға сәттіліктер тілейміз. Іс-шараны ұйымдастырған: Кыпшакова Дариға және Алибекова Ләйлім. 
ШЕБЕРЛІК САБАҚТА СӘНДІК СӨМКЕ ЖАСАДЫ.
06
апрель
2023
ШЕБЕРЛІК САБАҚТА СӘНДІК СӨМКЕ ЖАСАДЫ.
    Бүгін Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында «Фетрмен жұмыс жасау» тақырыбында шеберлік сабақ өтті. Ұйымдастырушы апайлар, «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері Бижанова Гүлжан мен Сауат Айман шеберлік сабағында мұғалімдерге фетрмен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін үйретіп, қалай әдемі, тез және күнделікті қажетті болатын заттарды жасаудың жолдарын көрсетті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер бір кісідей атсалысып, тігін өнеріндегі қабілеттерін ортаға салып, әдемі, шағын бұйымды жасап
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ТЕҢІЗ ПЕЙЗАЖЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
05
апрель
2023
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ТЕҢІЗ ПЕЙЗАЖЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
      Бүгін Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында «Бейнелеу өнеріндегі теңіз пейзажы» тақырыбында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ұзақбаева Айгүл Тілектесқызының 3 «А» сыныбына ашық сабағы өтті. Сурет сабағы, бейнелеу десе, қызыға кететін балалар бұл сабаққа да белсене қатысып, берілген тапсырмаларды жарыса орындап отырды. Әрбір сабақты ерекше өткізетін Айгүл Тілектесқызы бұл сабаққа да шығармашылық тұрғыда келіп, естен кетпестей әсер қалдыруға тырысып бақты. Нәтижесінде ашық сабақ
«БЕЙБАРЫС СҰЛТАННЫҢ ЕРЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
04
апрель
2023
«БЕЙБАРЫС СҰЛТАННЫҢ ЕРЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТТАРЫ
    Бүгін Мысырда Мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Қазақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына байланысты 1-11 сыныптар арасында «Бейбарыс сұлтанның ерлігі» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды.   Жауапты  болғандар : директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары- Д. Кыпшакова, Д.М.Әлімжан .
ҚАЛАЛЫҚ ДЕБАТТАН І ОРЫН АЛДЫ.
28
март
2023
ҚАЛАЛЫҚ ДЕБАТТАН І ОРЫН АЛДЫ.
    Бүгін Алматы қаласының білім басқармасы ұйымдастырған қалалық дебат турниріне қатысып, біздің оқушыларымыз ағылшын лигасы бойынша бәрінен басым түсіп, жүлделі І орынға ие болды. Жарайсыңдар, дейміз. 10-сынып оқушылары – Асқар Батырбек, Жахан Аяулым, Нариманов Батырхан сайыс барысында өздерінің интеллектуалдық қабілеттері мен белсенді ұстанымдарымен бәрінен оқ бойы озық болып, жеңімпаз атанды. Осылайша мектебіміздің ғана емес, Түрксіб ауданының мәртебесін көтерген оқушыларымыз қалалық білім
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
17
март
2023
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
    Бүгін мектебіміздің 6-сынып оқушылары (сынып жетекшісі Ләйлім Алибекова) аудандық №1 балалар және жас өспірімдерге арналған кітапханамен бірігіп, “Қош келдің, Наурыз“ атты іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында салт-дәстүр, ұлттық тағамдар, әдет-ғұрыптары көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылды. Қазақтың әндері айтылды. Тұсау кесер, шашу, сүйінші, байғазы секілді ұлттық салт-дәстүрлерден үзінділер көрсетілді. Жалпы іс-шара қызықты өтіп, балалардың да көңілдері көтеріліп, қазақтың
ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ҮШ ОҚУШЫМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯДА ОРЫН АЛДЫ.
16
март
2023
ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ҮШ ОҚУШЫМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯДА ОРЫН АЛДЫ.
     Химия пәні бойынша мектебіміздің тағы үш оқушысы – Сақан Н.Б., Касенова А.С., Құсайын А.Қ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Химия ғылымдарының дамуының өзекті аспектілері» атты дәстүрлі ІХ – республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында ІІІ орын алып, дипломмен марапатталды. Ал әріптесіміз, химия пәні мұғалімі Байтанова Меруерт Нұралбайқызы зерттеу жұмысының «Теориялық маңыздылығы» номинациясы бойынша арнайы сертификатқа ие болды. Жарайсыздар,
«ҚАДІР ОҚУЛАРЫНДА» ІІ ОРЫН АЛДЫ.
16
март
2023
«ҚАДІР ОҚУЛАРЫНДА» ІІ ОРЫН АЛДЫ.
     Біздің талантты баламыз, 6-сынып оқушысы Юсуп Нұрислам «Алматы дарыны» орталығы ұйымдастырған Республикалық «Қадір оқулары» байқауының қалалық кезеңіне қатысып, «Болу үшін жаралғам, туған жердің жырауы» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болып отыр. Құтты болсын, дейміз. Талай байқаулар мен халықаралық фестивальдерде жеңімпаз болып жүретін баламыз бұл жолы да жақсы қырынан көрініп, жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр. Жетекшісі Алибекова Ләйлім апай бала тәрбиесіндегі мол тәжірибесін пайдалана
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ.
16
март
2023
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ.
    Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Сурет» пәні бойынша шығармашылық олимпиадаға қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болған Шыңғысхан Ақбота мен Мырзақасымова Алтынайды шын жүректен құттықтаймыз. Сонымен бірге жетекшілері Бижанова Гүлжан Құралбекқызы мен Ұзақбаева Айгүл Тілектесқызын КазГАСА мектебінің директоры оқушыларды шығармашылық олимпиадаға дайындаудағы еңбектері үшін «Алғыс хатпен» марапаттады. Құтты болсын, дейміз. Балаларды