Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
17
март
2023

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

    Бүгін мектебіміздің 6-сынып оқушылары (сынып жетекшісі Ләйлім Алибекова) аудандық №1 балалар және жас өспірімдерге арналған кітапханамен бірігіп, “Қош келдің, Наурыз“ атты іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында салт-дәстүр, ұлттық тағамдар, әдет-ғұрыптары көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылды. Қазақтың әндері айтылды. Тұсау кесер, шашу, сүйінші, байғазы секілді ұлттық салт-дәстүрлерден үзінділер көрсетілді. Жалпы іс-шара қызықты өтіп, балалардың да көңілдері көтеріліп, қазақтың салт-дәстүрлерінен біршама хабардар болып қалды. Наурыз мерекесі қарсаңында оқушыларды №1 кітапханаға апарып, танымдық мақсаттағы іс-шараны өткізуге ұйытқы болған сынып жетекшісі Ләйлім Алибекова мен мектеп кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна игілікті жұмысты атқарып, балаларға естен кетпес сәттер сыйлады. Өз тарапымыздан әріптестерімізді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі еңбектеріне табыстар тілейміз.