Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «БІЗ ҚАЗАҚТЫҢ СҰЛТАНЫ МЕН ҚЫЗЫМЫЗ» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ.
16
март
2023

«БІЗ ҚАЗАҚТЫҢ СҰЛТАНЫ МЕН ҚЫЗЫМЫЗ» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ.

      Бүгін 8 «Ә» сыныбында «Біз қазақтың сұлтаны мен қызымыз» атты сайыс өтті. «Бұл ән өзге әннен өзгерек» демекші, аталмыш іс-шара шынында да 3-тоқсанның аяқталар тұсындағы, әрі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңындағы қызықты әрі көңілді іс-шаралардың бірі болды. «Армысың, өнер сүйер асыл халқым, Мереке құтты болсын ауылдасым» деп сайыстың басы осындай әдемі сөздермен басталған іс-шара негізінен ертеңгі әке, ана болатын ұл-қыздарымызға ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойларына сіңіріп, ізгі қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған болатын. Қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты сұрақ-жауаптар, ән айту және белгілі жыр-дастандардан, шығармалардан көрініс көрсету секілді кезеңдерден тұрған сайысқа балалар барша дайындықпен келгендігі көрініп тұрды. Сонымен бірге байқауға қатысушы қыздарымыз үйден дайындап келген тәтті тағамдарын ұсынып, неден, қалай дайындағандарын әділқазылар алқасына айтып жатты. Жалпы «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» секілді бұл байқауда ұл мен қыз жұп болып, бірлесе ән айтып, керемет көріністер көрсетіп, әдемі бір үйлесімділікте, жарасыммен өткізілді. Сынып жетекшісі, бүгінгі іс-шараға жауапты Жабаева Гүлбаршын апай әрбір іс-шараға жаңаша қырымен қарап, көрермендердің көңілінен шығатындай етіп ұйымдастырып, мақсатына жете білетін кәсіби ұйымдастырушы, тәжірибесі мол білікті маман. Міне, бүгінгі байқау да жоғары деңгейде өтіп, әділқазылар алқасы жоғары бағасын беріп, жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталып, барша көрермендердің көңілінен шықты. Біз де өз тарапымыздан сынып жетекшісі Гүлбаршын апайға жоғары деңгейде ұйымдастыра білетін шеберлігіне риза болып, салт-дәстүрлерді дәріптеп, ұрпақ санасына сіңірудегі еңбектеріне сәттіліктер тіледік.