Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ЖАС МАМАНҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК
13
декабрь
2022
ЖАС МАМАНҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК
2022 жылы 13 желтоқсан "Ізбасар" жас ұстаздар әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына сай бірлестік жетекшісі физика пәні мұғалімі, ПШО-ның мектептен тартылған тренері З.Хасен мен ДБЖҒІЖО А.Е.Торғанбеков жас мамандарға «ҚМЖ жасаудың алғышарттары» атты әдістемелік отырыс өткізді. Отырысқа жас мамандар, тәлімгерлері мен педагогикалық тәжірибеден өтуші 4-курс практиканттары қатысты. Отырыс теориялық және практикалық 2 бөлімнен тұрды. Теориялық бөлімде ҚМЖ жасаудағы негізгі талаптар мен
ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
13
декабрь
2022
ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
Кеше  ұлағатты апайымыз, № 59  мектеп - гимназиясының директоры Қасымова Айжан Тойбекқызы ел  басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды. 30  жылдан астам білім беру саласында өнімді еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүрген апайымыз қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, мемлекеттің алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруға барынша қызмет етіп келеді. Қай істе болмасын, жауапкершілікпен қарап, алға қойған тапсырмасын тиянақты етіп, «Қоғам игілігі үшін жұмыс істеу-
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
12
декабрь
2022
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
      «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» деген тақырыпта бүгін тарихшы мұғалімдердің ұйытқы болуымен 9-сынып оқушылары арасында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды. Отанға деген сүйіспеншілік, туған жер, атамекенге құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отырған сайыс 3 топ арасында («Алаш» 9 «А» сыныбы, «Қыран» 9 «Б» сыныбы, «Тәуелсіздік» 9 «В»сыныбы) өтіп, қызу тартысқа толы болды. Жүргізуші-тарих пәнінің мұғалімі Тұрсынбай Гүлзат Ерланқызы алдымен интеллектуалдық
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
09
декабрь
2022
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
       Бүгін тарих пәнінің мұғалімі Алишев Нұрғиса Әбдіқадірұлының 6 «Ә» сынып оқушыларына Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткізді Бұл қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында өтіп жатқан ашық сабақтардың бірі.  «Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы» деген тақырыпта өткен ашық сабағына мектеп мұғалімдері қатысып, сабақта қолданылып жатқан әртүрлі әдіс-тәсілдерге, оқыту барысына көңіл аударып, бақылап отырды. Оқушылар да
«...АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ!» ДЕП УӘДЕ БЕРДІ.
09
декабрь
2022
«...АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ!» ДЕП УӘДЕ БЕРДІ.
Бүгін №59 мектеп-гимназиясының 2-сынып және 5-сыныптың үздік әрі белсенді оқушылары Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылданды. Жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары етіп тәрбиелеуді көздейтін аталмыш ұйымның қатарына қабылдау жылына екі рет ұйымдастырылып, өзіндік ережесімен және рәсімімен өткізіледі. Бұл еліміздегі барша мектептерінде қалыптасқан дәстүрлі игі шара. Бүгінгі қабылдау рәсімі Тәуелсіздік күніне
«ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
08
декабрь
2022
«ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ
        Бүгін Түрксіб аудандық №1 балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында мектебіміздің 6-сынып оқушыларының әрі «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің қатысуымен Желтоқсан көтерілісіне қатысушы, филология ғылымдарының докторы, химия ғылымдарының кандидаты, жазушы-ғалым Ыспандияр Ақайұлымен кездесу ұйымдастырылды. Ұйымдастыру ісіне №59 мектеп-гимназиясының аға тәлімгері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қанат Едігетегі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Медет Ерсариев және №1
ШАХМАТТАН МЕКТЕПІШІЛІК ОЛИМПИАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
08
декабрь
2022
ШАХМАТТАН МЕКТЕПІШІЛІК ОЛИМПИАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
     Бүгін мектебімізде 4-11 сынып оқушылары арасында шахматтан мектепішілік олимпиада ұйымдастырылды. Шахмат ойнауға құмар біздің оқушылар сайысқа да белсене араласып, өзінің мықты екендігін танытуға тырысты. Жалпы біздің оқушыларымыз жастайынан шахмат бойынша әртүрлі үйірмелерге қатысып, оның жүріс-тұрысынан, ережесімен жақсы таныс болатын. Бұл олимпиадаға да олар дайын екендіктерін білдіріп, интеллектуалдық ойынның жеңімпазы екенін танытуға тырысты. Нәтижесінде жеңіске жеткен балаларға
ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР БАСТАЛДЫ.
06
декабрь
2022
ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДА АШЫҚ
      «Тарих – өткенге сабақ, келешекке – өнеге» атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында ашық сабақтар басталды. Бүгін тарих пәнінің мұғалімі Қуанышбай Гүлназ Маратқызының «Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма?» деген тақырыбында 6 «В» сыныбына ашық сабағы өтті. Сәтті басталған ашық сабақтар легі енді 15-ші желтоқсанға дейін жалғасып, түрлі сыныптан тыс іс-шаралармен және интеллектуалдық сайыстармен жалғаспақ. Тарихшы
"ТҮРКСІБ АУДАНЫ - ҚАЛАМЫЗДЫҢ ҚАҚПАСЫ" АТТЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
05
декабрь
2022
"ТҮРКСІБ АУДАНЫ - ҚАЛАМЫЗДЫҢ ҚАҚПАСЫ" АТТЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
Бүгін №59 мектеп-гимназиясында "Түрксіб ауданы - қаламыздың қақпасы" атты тақырыпта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жаратылыстану және география институты, География және тарих мамандығының 2-топшасы ұйымдастырған  4-курс студентерінің ұйытқы болуымен дидактикалық материалдар   көрмесі өткізілді. Көрмеде студенттер Түрксіб ауданы аумағында орналасқан маңызды нысандарды қамту арқылы өлкетану бағытында арнайы әзірленген маршрут бойынша шолу саяхат жасады. Практика жетекшісі
“ЖЕЛТОҚСАН АЛАУЫ” АТТЫ КІТАП КӨРМЕСІМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ.
05
декабрь
2022
“ЖЕЛТОҚСАН АЛАУЫ” АТТЫ КІТАП КӨРМЕСІМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ.
       Бүгін біздің мектептің 9 - сынып оқушылары  Түрксіб ауданындағы №1  кітапханасында  болып,  “Желтоқсан алауы” атты кітап көрмесімен  танысып қайтты. Кітапханада сондай-ақ  «Желтоқсан оқиғасы» тақырыбында әңгімелер мен сұхбаттар жүргізіліп,  «Желтоқсан оқиғасының» Тәуелсіз еліміздің тарихындағы мән-маңызы туралы ойлар айтылды. Сол бір қаһарлы қыста алаңға шыққан намысты ұлдарымыз бен қайсар қыздарымыздың ерліктері мен қаһармандық істері хақында тұшымды пікірлер айтылып, еске алынды.