ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
12
декабрь
2022

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

      «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» деген тақырыпта бүгін тарихшы мұғалімдердің ұйытқы болуымен 9-сынып оқушылары арасында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды. Отанға деген сүйіспеншілік, туған жер, атамекенге құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отырған сайыс 3 топ арасында («Алаш» 9 «А» сыныбы, «Қыран» 9 «Б» сыныбы, «Тәуелсіздік» 9 «В»сыныбы) өтіп, қызу тартысқа толы болды. Жүргізуші-тарих пәнінің мұғалімі Тұрсынбай Гүлзат Ерланқызы алдымен интеллектуалдық сайыстың тақырыбы мен мақсатын айтып, сайыстың талаптары мен әділқазы мүшелерімен таныстырып, тақырыпқа орай бейнефильм көрсетті. 5 кезең бойынша өткізілген сайыста оқушылар белсенді болып, өз білімдерімен озуға тырысып бақты.  Сайыстың төртінші кезеңіндегі сөзжұмбақтың жауабын 3 тілде айтып беруі де сайыстың мәнді тұсы болды. Нәтижесінде әділқазылар шешімімен «Қыран» тобы І орынға, «Тәуелсіздік» тобы ІІ орынға, «Алаш» тобы ІІІ орындарға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Қатысқан оқушыларға «Қазақстан» шоколадтарын беріп, ризашылық сезімдерін айтып, Тәуелсіз еліміздің болашақ азаматтары сендерсіңдер деген ізгі тілектерін білдірді.  

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш іс-шара қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі интеллектуалдық сайысқа жауапты: тарих пәні мұғалімдері Әлімхан Т.С., Тұрсынбай Г.Е.