ЖАС МАМАНҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЖАС МАМАНҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК
13
декабрь
2022

ЖАС МАМАНҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

2022 жылы 13 желтоқсан "Ізбасар" жас ұстаздар әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына сай бірлестік жетекшісі физика пәні мұғалімі, ПШО-ның мектептен тартылған тренері З.Хасен мен ДБЖҒІЖО А.Е.Торғанбеков жас мамандарға «ҚМЖ жасаудың алғышарттары» атты әдістемелік отырыс өткізді. Отырысқа жас мамандар, тәлімгерлері мен педагогикалық тәжірибеден өтуші 4-курс практиканттары қатысты.

Отырыс теориялық және практикалық 2 бөлімнен тұрды. Теориялық бөлімде ҚМЖ жасаудағы негізгі талаптар мен әрекеттер түсіндірілсе, тәжірибелік бөлімде әрбір маманның өз пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес бір тақырыбына құрастырылатын ҚМЖ-дағы оқу мақсатынан сабақ мақсатын, одан бағалау критерийлерін шығару жолдары көрсетілді. Жеке-жеке кері байланыс берілді. 

Әдістемелік отырыстың тиімділігін арттыру үшін З.Хасен мамандардан сілтеме арқылы құрастырған сабақтарының ҚМЖ-ларына цифрлық бағдарлама көмегімен кері байланыс берді. Әдістемелік отырыстың жас ұстаздарға берері мол деп білеміз.

Мектеп әкімшілігі