«ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
08
декабрь
2022

«ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

        Бүгін Түрксіб аудандық №1 балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында мектебіміздің 6-сынып оқушыларының әрі «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің қатысуымен Желтоқсан көтерілісіне қатысушы, филология ғылымдарының докторы, химия ғылымдарының кандидаты, жазушы-ғалым Ыспандияр Ақайұлымен кездесу ұйымдастырылды. Ұйымдастыру ісіне №59 мектеп-гимназиясының аға тәлімгері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қанат Едігетегі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Медет Ерсариев және №1 кітапхананың директоры Суматохина Наталия Николаевна атсалысып, мәнді де мағыналы кездесудің өтуіне себепкер болды. Оқушыларға алдымен қаралы оқиғаға байланысты бейнефильм көрсетіліп, содан кейін ғалым-жазушының        Желтоқсан көтерілісі кезінде басынан өткерген оқиғаларын тыңдады. Желтоқсан оқиғасының Қазақстанның тәуелсіздік алуына қандай ықпал еткендігін және де кемеңгер басшы Дінмұхамед Қонаевтың қазақ халқы үшін қандай тұлға болғандығы туралы пайдалы дүниелер айтылып, оқушылар біраз мәліметтерге қанық болды. Сұрақтар қойып, өздерін мазалап отырған сауалдарына жауаптар алды. Кітапхана қызметкері Мауленова Сюзанна Желтоқсан оқиғасына орай ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырып, біраз мәліметтер берді. Кездесу соңында естелік үшін суреттерге түсіп, осындай игі шаралардың жиі ұйымдастырылып тұратындығы туралы айтылды. Тәуелсіздік күніне орай өткізіліп отырған аталмыш іс-шара сәтті өтіп, баршамыздың көңілімізден шықты.