ӘУЕЗОВТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
Бүгін ауданымыздың №1 кітапханасында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды. Кешті кітапхана қызметкерлері Сюзана Уалиханқызы мен Раушан Алимжанқызы жүргізіп, заңғар жазушының күреске толы өмірбаяны мен мол шығармалары туралы баян етті. Келген қонақтарға танымдық мақсатта жазушының өмірінен ақпарат беретін бейнефильм көрсетіп, кітаптармен таныстырып, кештің мазмұнын арттырды. Біздің №59 мектеп-гимназияның 6 «В» және 6 «Г» сынып оқушылары (жетекшісі: Ерсариев М.Е.), "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері, белсенді болып, жазушы туралы айтылған қанатты сөздер мен пікірлерді ортаға салып, білгендерімен бөлісіп, өлеңдер оқыды. Жүргізушілердің сұрақтарына жауап беріп, барынша жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. №83 гимназияның өнерпаз оқушылары домбырамен күй тартып, кештің әсерін арттырды. Соңына таман кітапхана меңгерушісі Наталия Николаевна келген қонақтарға ризашылық сезімін білдіріп, жиі-жиі келіп тұрыңдар деген өтініш-тілегін айтып, өлеңдер оқыған, белсенді болған барлық оқушыларға кітапхана атынан сыйлықтар берді. Естелік үшін фотосуреттерге түсті.