Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ.
01
сентябрь
2022

«АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ.

            Бүгін Алматы қаласы №59 мектеп-гимназиясының ауласында «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» деген тақырыппен өткізілген салтанатты жиынды мектеп-гимназияның директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха ашып, жоғары деңгейде көңілді ахуалда жүргізіп отырды. Жоспарға сай сыныптарды сапқа тұрғызу, жиын барысын музыкамен көркемдеу, Мемлекеттік туды ортаға әкелу, Гимн орындалу рет-ретімен жүзеге асырылып, сценарийге бойынша өтіп отырды. Алғашқы құттықтау сөзі мектеп-гимназия директоры Қасымова Айжан Тойбекқызына беріліп, келген ата-аналар мен оқушыларды, мектеп ұстаздарын Білім күнімен құттықтады. Мектептің жеткен жетістіктері мен табыстары, атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндап, жоғары нәтижеге жетуіне қолдау білдірген барша ата-аналар мен ұстаздарға алғыс айтты. Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Бибалинова Зульфира Самарбекқызы салтанатты жиынға қонақ болып келіп, сөз кезегі келгенде барша ұстаздар мен ата-аналарды, мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, толағай табыстарға жете берулеріне тілектестік білдірді.  

            «Шолпан жұлдыздары» бишілер тобы «Қазақ» биін билеп, бүгінгі салтанатты кештің көркін арттырды. Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-ші сынып оқушылары тақпақтарын айтып, жұрттың қошеметіне бөленді. Мектептің өнерпаз оқушылары «Біргеміз» әнін орындап, музыкалық сәлемін жолдады. Алғашқы қоңырау соғу рәсімін мектебіміздің жас бүлдіршіндері алаңды айнала сылдырлатып, барша қонақтарды айырықша әсем күйге бөлей кетті. Осылайша бүгінгі Алғашқы қоңырау жиыны жақсы көңіл-күймен басталып, соңында көңілді әсерге бөленген барша балалар қуаныса мектепке қарай ағыла жөнелді.  

Біз өз тарапымыздан барша ұстаздар мен ата-аналарды және оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, биік белестерге, зор табыстарға жете берулеріне тілектестік білдіреміз.