Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ТИІМДІ САБАҚТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
27
январь
2023
ТИІМДІ САБАҚТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     Жас мамандардың тиімді сабақтары жоспарға сай жалғасын тауып, осы аптада бірнеше мұғалімдердің сабақтары өткізілді. Атап айтар болсақ, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сақабай Дариға «Идеяларды құру. Нобай.» тақырыбында 6 «А» сыныбына (онлайн) өткізсе, математика пәнінің мұғалімі Нышанбек Сымбат «Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру» тақырыбы бойынша 5 «Г» сыныбына өткізді. «Струны Великой степи» тақырыбы бойынша орыс тілі пәні мұғалімі Каримова Фариза 5 «Б» сыныбына өткізген болса, химия
ЖАС МАМАНДАРДЫҢ ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДАҒЫ ТИІМДІ САБАҚТАР ӨТУДЕ
24
январь
2023
ЖАС МАМАНДАРДЫҢ ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДАҒЫ ТИІМДІ САБАҚТАР ӨТУДЕ
    Бүгін жас мамандардың квест-онкүндігі аясында математика пәнінің мұғалімі Бекмаханбет Олжас 5 «В» сыныбына «Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру» тақырыбында тиімді сабағын өткізсе, физика пәнінің мұғалімі Бибек Аяулым 7 «В» сыныбына «Қатынас ыдыстар» тақырыбында тиімді сабағын өткізді. Сабақтарға пән мұғалімдері мен оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, сабақтың барысын бақылап отырды. Аталмыш сабақтар соңында талқыға салынып, пікірлер айтылды. Артық-кем жерлері айтылып,
«KITAP AUESQOIY» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАЗУШЫ САЯТ ҚАМШЫГЕРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
23
январь
2023
«KITAP AUESQOIY» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАЗУШЫ САЯТ ҚАМШЫГЕРМЕН КЕЗДЕСУ
     Бүгін мектебімізде «KITAP auesqoiy» жобасының кезекті оқырмандар талқысы ұйымдастырылды. Оқырмандар талқысына ұсынылған бұл жолғы кітап –.башқұрт жазушысы Баймұхаметов Айгиз Ғиззатұлының «Тастамашы, ана!» шығармасы. Бүгінгі кітап талқысына «Тастамашы, ана!» кітабын аударған жазушы-журналист Саят Қамшыгер қатысып, мұғалімдермен мәнді де мағыналы кездесудің ұйытқысы болды. Бір апта бойы ұсынылған кітапты оқып, үлкен әсерге бөленген мұғалімдер, толып жатқан сұрақтарды дайындап, кездесуге
"АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ " ӨТУДЕ.
23
январь
2023
"АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ " ӨТУДЕ.
     Бүгіннен бастап мектебімізде жоспарға сәйкес екі апта бойы (23.01-03.02.2023) "Ата-аналарға арналған ашық есік күні " ұйымдастырылатын болады. Бұл мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты тағы да бір бекемдеп, ұрпақ тәрбиелеу ісіне тарту, ортақ мақсатта бірлесе еңбек етуді көздейді. Бүгін мектепке 10-ға жуық ата-ана келіп, сабақтарға қатысты. Мұғалімдеріміздің күнделікті жұмыстарының мән-жайымен танысты. Балаларының білім деңгейлеріне көз жүгіртіп, дайындықтарынан хабардар болды. Осы ретте
"БАЛА ТІЛІН ТАПҚАН АҚЫН" АТТЫ  ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
20
январь
2023
"БАЛА ТІЛІН ТАПҚАН АҚЫН" АТТЫ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
       Кеше аудандық №1 кітапханада мектеп кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна мен кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен б алалар ақыны Ермек Өтетілеуұлының 85 жылдық   мерейтойына  арналған  "Бала тілі н  тапқан ақын" атты тәрбие сағаты  өткізілді. «Балдырған» журналы мен «Жазушы», «Жалын» баспаларында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, балалар үшін көптеген кітаптар шығарған ақын-жазушы Ермек Өтетілеуұлының шығармаларын оқушыларға кеңінен таныстырып, оқыту, мол мұрасын насихаттау
МҰРАТ ӘУЕЗОВТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
20
январь
2023
МҰРАТ ӘУЕЗОВТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
      Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың 80 жылдық мерейтойына орай «Ұлының ұлы болу – үлкен жауапкершілік»Мұрат Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сабақ және «Тәуелсіздік тарландары» атты деректі фильм көрсетілді.
140-ҚА ЖУЫҚ ӘДЕБИ КІТАПТАР ТҮСКЕН.
18
январь
2023
140-ҚА ЖУЫҚ ӘДЕБИ КІТАПТАР ТҮСКЕН.
     Өткен жылы біздің мектебіміздің кітапханасына 140-қа жуық әртүрлі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әдеби кітаптар түскен болатын. Сапасы жоғары, «InterPress Distribution»ЖШС, «Steppe&Word» ЖШС, «Алматыкітап» секілді белгілі баспалардан басылып шыққан кітаптар мектеп кітапханасының қорын көбейтіп, оқушылардың сұраныстарын қанағаттандыратындай барлық жағдай туғызылған-тын. Абайдың «Қара сөздерінен» бастап, әлемге белгілі «Гарри Поттер», «Ньют Скамандер», Бард Бидлдің ертегілері»,
ПІКІР-САЙЫС ТУРНИРІНДЕ І ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ.
17
январь
2023
ПІКІР-САЙЫС ТУРНИРІНДЕ І ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ.
      Бүгін біздің балаларымыз, №59 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары - Алиева Перизат, Нариманов Батырхан (орыс тілділер лигасында), Асқар Батырбек, Жахан Аяулым (ағылшын лигасында) 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған оқушылардың ұлттық пікір-сайыс турнирінің аудандық кезеңіне қатысып, І орындарға ие болып отыр. Жарайсыңдар, дейміз. Өздерінің интеллектуалдық білімдерімен, белсенді ұстанымдарымен ерекшеленіп, қазақша лигасында да, орыс-ағылшын лигасында да барлық қатысушылардан басым
ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
16
январь
2023
ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
       Алматы қаласының білім беру ұйымдарының 10-11 (12) сынып оқушылары арасында өткен ұлттық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңінде бақ сынасып, ерекше білімімен көзге түскен, жоғары ұпайға ие болған мектебіміздің 10-сынып оқушылары Бегәділ Айым мен Асқар Батырбек жеңімпаз атанып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құтты болсын, дейміз. Сонымен бірге интеллектуалдық білімімен көзге түскен оқушымыз Бегәділ Айым «Үздік спикер» деген марапатқа ие болды. Осылайша біздің балаларымыз өздерінің