Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ БАТЫРЛАРЫ” АТТЫ ТАРИХИ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ.
21
февраль
2023
“ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ БАТЫРЛАРЫ” АТТЫ ТАРИХИ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ.
     Бүгін аудандық №1 кітапханада мектеп кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна және аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлы даланың ұлы батырлары” атты тарихи сабақ өткізілді. Халқымыздың тарихи тұлғалары туралы кеңінен мәлімет беріп, ұлы батырлардың ұлы ерліктерін насихаттауды, осылайша жас ұрпақтың бойында туған тарихына деген мақтаныш сезімдерін ұялатуды мақсат еткен аталмыш сабақ жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға оң әсер етті. Негізінде
ТАНЫМДЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
17
февраль
2023
ТАНЫМДЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
      Бүгін 4-сынып оқушыларына “Қазақ халқының салт-дәстүрлері” тақырыбында танымдық сабағы  өтті. Балалар сабаққа белсенділік танытып, апайларының сұрақтарына жауап беріп, тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып отырды. Жалпы салт-дәстүрлерді оқушылар арасында насихаттап, асыл қазынаны бойларына сіңіру, ұлтына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру- бүгінгі білім беру саласындағы маңызды міндеттердің бірі. Міне, осы мақсаттарды басшылыққа алған біздің әріптестер бүгін танымдық сабақты
«ЖАС ШАХМАТШЫ» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.
17
февраль
2023
«ЖАС ШАХМАТШЫ» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.
      Өткен аптада №59 мектеп-гимназиясында мектепішілік «Жас шахматшы» турнирі ұйымдастырылып, осы аптада жоғары нәтижеге ие болған жеңімпаздары марапатталды. 70-ке жуық оқушы қатысқан турнир олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылып, жас ерекшеліктері бойынша өткізілді. Нәтижесінде 3-сынып бойынша І орынды Калелов Аслан, ІІ орынды Жағыпар Іңкәр, ІІІ орындарды Құдайберген Ерали және Кеңшілік Бейбарыс жеңіп алды. 4-сыныптарда І орынға Амангелді Ерали, ІІ орынға Ерисұлы Жомарт, ІІІ орынға Ережеп
«ҮЗДІК ДӘПТЕР» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ.
16
февраль
2023
«ҮЗДІК ДӘПТЕР» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ.
     Ақпан айының 1-і мен 10-ы аралығында мектебіміздің 5-6 сынып оқушыларының математика пәніне арналған «Үздік дәптер» байқауы өтіп, осы аптада қорытындыланды.  Жазба жұмысы   дәптерлерін тексеру,  үй тапсырмасының орындалуын және оқушылардың сауатты жазуын қадағалауын мақсат еткен аталмыш байқау мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес №284 бұйрығы негізінде жүргізіліп, жүзеге асырылды. Аталған сыныптарға, дәлірек айтқанда, 5 «а», «ә», «б»-сыныптарға Утембаева Г., 5 «г», 6 «б»-сыныптарға
«ЖАС ШАХМАТШЫ» ТУРНИРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ӨТТІ.
07
февраль
2023
«ЖАС ШАХМАТШЫ» ТУРНИРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ӨТТІ.
     Бүгін мектебімізде  шахмат ойыны бойынша мектепішілік    «Жас Шахматшы» турнирінің алғашқы жарыс күні өтті.  Алғашқы жарыс күнінде 5-ші және 6-шы сынып оқушылары арасында өтіп, олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылды. Яғни, ойын барысында ұтылған оқушы жарыстан шығып қала береді.  Бүгінгі турнир Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылып, оқушыларды жұп-жұпқа бөліп, барынша қолайлы жағдай орнатылды. Өте тартысты, ойынға барынша берілген оқушылар, жоғары ұпай алуға тырысып, ақыл-күштерін
ДЖОН КЕХОНЫҢ КІТАБЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ.
06
февраль
2023
ДЖОН КЕХОНЫҢ КІТАБЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ.
      Бүгін «Кітап әуесқойы» жобасы аясында кезекті оқырмандар конференциясы өтіп, Джон Кехоның «Түйсігіңмен ойлай біл!» кітабы талқыға түсті. Әлемге танымал автордың кең оқылымда жүрген еңбегі бір апта бойы оқылып, бүгін сол кітап төңірегінде тренинг өтіп, пікірлер, ойлар ортаға салынды. Алдымен оқырмандардан тест алынып, ең жоғары нәтиже алған мұғалімдерге қазақтың белгілі жазушыларының кітаптары сыйға тартылып, үздік оқырман ретінде марапатталды. Атап айтар болсақ, Жабаева Гүлбаршын
"МӘНЕРЛЕП ОҚУ" ЖОСПАРЫ БОЙЫНША ІС-ШАРА ӨТТІ.
03
февраль
2023
"МӘНЕРЛЕП ОҚУ" ЖОСПАРЫ БОЙЫНША ІС-ШАРА ӨТТІ.
      Бүгін 2-сынып оқушыларымен бірігіп "Мәнерлеп оқу" жоспары бойынша "Бауырсақ" атты орыс халық ертегісін мәнерлеп оқып, мультфильм көрсетіліп, театрлық көрініс қойылды. Балалар ертедегі кейіпкерлер секілді киімдерін киіп, образға кіріп, тамаша көрініс көрсетті. Өздерінің жастарының кішілігіне қарамастан апайларының айтқан барлық нұсқаулықтары мен тапсырмаларын бүге-шегесіне дейін түсініп алып, әрқайсысы өзіне тапсырылған міндеттерін орындап шықты. Жалпы балаларды ертегілер арқылы тәрбиелеу,
ТАНЫМДЫҚ САБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
31
январь
2023
ТАНЫМДЫҚ САБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
     Бүгін "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектебіміздің 7 «Г» сынып оқушыларының (сынып жетекшісі Максимова Ф.Т.) қатысуымен аудандық №1 балалар кітапханасында "Қазақстанның ежелгі қалалары" атты танымдық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға ежелгі қалалар туралы кітаптармен таныстырып, бейнефильм көрсетілді. Тақырыпқа орай сұрақтар қойылып, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға жауапты болған- мектеп кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна. 
АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ.
27
январь
2023
АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ.
     Бүгін мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Мекзам Әйгерім Қайратқызы 8 «В» сыныбына "Адамгершілік - рухани тәрбиенің негізі" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағаттары негізі мектебімізде жоспарға сай жиі өткізіліп, оқушыларға адамгершілік, әдептілік, рухани құндылықтар туралы айтылып отырады. Арнайы фильмдер мен бейнесюжеттер көрсетіліп, өзара талқылап, ойындар ойнатылып, тапсырмалар беріліп, барынша оқушылардың процеске қатысып отыруларын ескереді. Бүгінгі Әйгерім
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ.
27
январь
2023
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ.
     Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерттеу мәселесін қою арқылы күрделілігі жоғары есептерді шешу – оқушылардың мотивациясын дамыту» тақырыбындағы қалалық квест-семинарда көрсеткен жоғары кәсіби жұмыстары үшін Байтанова Меруерт Нұралбайқызы, Хасен Зәру, Ибраимова Бақыт Тасболатқызы, Бектұрсынова Ұмсынай Жандарбекқызы Құрмет грамотасымен марапатталып, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Жарайсыздар, дейміз. Енді бұл ұстаздар