ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ БЛИЦ-ТУРНИР ӨТТІ.
Кеше мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында «Апамның астауы» тақырыбында көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай 6-сынып оқушылары арасында блиц-турнир өтті. «Апамның астауы» әңгімесі бойынша тест, Проблемалық сұрақтарға жауап, «Кім жылдам?» минутқа оқу секілді үш кезеңнен тұрған іс-шара 6-сынып оқушылары арасында кім жылдам оқу техникасын меңгерген, кімнің ойы жүйрік, әрі белсенді секілді талапты оқушылардың іріктеуге бағытталды. Балалар іс-шара барысында өте белсенді болып, өздерінің білім-білігімен, жүйріктігімен ерекшеленуге тырысып бақты. Нәтижесінде әділқазылар шешімімен жоғары ұпай алған оқушылар арнайы грамоталармен марапатталып, арнайы балаларға арналған кітаптарға ие болды. Өте көңілді, оқушылардың қызығушылық таныта отырып өткізілген аталмыш іс-шара барша қатысушылардың көңілінен шығып, естен кетпестей әсер қалдырылды. Аталмыш іс-шараға жауапты болғандар – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ерсариев М.Е. және Оспанова Г.С.