БЕГАЛИН АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНАҒА САЯХАТ
Балалардың қысқы демалыс күндерін тиімді ұйымдастыру, әрі «Оқуға құштар мектеп» жобасын жоспарға сай жүзеге асыру мақсатында бүгін №59 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушылары Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасына саяхаттап, қазақтың дарынды жазушысы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған кітап көрмесіне қатысты. Негізі 1877 жылы қаланған қаламыздағы тарихы терең мекемелердің бірі Сапарғали Бегалин атындағы кітапханада жарты миллионға жуық кітап қоры бар, оқу залы, іс-шара өткізуге арналған бөлмелер, абонемент, ағылшын бөлімі секілді көптеген залдардан тұратын, балалардың кітап оқып, рухани тұрғыда бай болуына барлық мүмкіндіктер жасалған қолайлы орта болып табылады. Міне, біздің балалар бүгін осы кітапханаға қонақ болып, ұлт жазушысы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған кітап көрмесіне қатысып, кітапхана қызметкері Индира Абдированың жазушы туралы айтқан әңгімелерін тыңдап, білім-танымдарын көтеріп қайтты. «Атау-кере», «Тортай мінген ақ боз ат», «Сайтан көпір», «Қар қызы» секілді кітаптарымен танысып, жазушы туралы көп мәліметтер біліп алды. Сонымен бірге кітапханашылар Елена Григорьевна, Дина Жамағат, Ғафия Қалиқызы секілді апайлармен танысып, кітапхана ішінде бөлмелерді аралатып, жаңа басылымдармен таныстырып, балалардың кітапханаға жаздыртып, жиі келіп тұрыңдар деген ізгі тілектерін білдірді. Жалпы бүгінгі кітапханаға жасалған саяхат балаларға өте ұнап, білімдерін көтеріп, кітапханашыларға, апарып, алып келген ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдірді. Аталмыш саяхатты ұйымдастыруға ұйытқы болған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерсариев Медет және аға тәлімгер, қазақ тілі пәні мұғалімі Едігетегі Қанат.
