Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СПАНДИЯР КӨБЕЕВТІҢ ЕҢБЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ.
20
февраль
2023

СПАНДИЯР КӨБЕЕВТІҢ ЕҢБЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

      Осы аптадағы кезекті оқырмандар басқосуында Спандияр Көбеевтің «Мен оқытушы» кітабы талқыланып, педагогикалық идеялары ортаға салынды. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің жолын үлгі тұтып, ағартушылық ойларын педагогтік қызметі арқылы насихаттаған педагог-жазушының аталмыш еңбегі негізінде күні бүгінге дейін мұғалімдер арасында үлкен сұранысқа ие болып жүрген, әрі педагогикалық мәнін жоғалтпаған кітап болып табылады. Міне, біздің мұғалімдер апта бойы оқып, педагог-ғалымның құнды еңбегімен тереңірек танысып, оқырмандар басқосуында пікірлері мен ойларын ортаға салуына мүмкіндік туды. Аталмыш іс-шараға жауапты болған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Латипова Майрагүл мен Оспанова Гүлжан апайлар көңілді, барынша қызықты етіп өткізіп, оқырмандардың белсендірек болуына, қызу талқыға қатысып отыруына ұйытқы болды. Нәтижесінде оқырмандар талқысы жоғары деңгейде өтіп, келген қонақтардың көңілдерінен шықты. Жоғары ұпай алған, белсенді болған оқырмандар белгілі жазушылардың кітаптарымен марапатталып, үздік оқырман ретінде танылды. 

     Келесі оқырмандар талқысына ұсынылатын кітап – Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» шығармасы.  Жауапты: Жабаева К.М.