Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ДЖОН КЕХОНЫҢ КІТАБЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ.
06
февраль
2023

ДЖОН КЕХОНЫҢ КІТАБЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ.

      Бүгін «Кітап әуесқойы» жобасы аясында кезекті оқырмандар конференциясы өтіп, Джон Кехоның «Түйсігіңмен ойлай біл!» кітабы талқыға түсті. Әлемге танымал автордың кең оқылымда жүрген еңбегі бір апта бойы оқылып, бүгін сол кітап төңірегінде тренинг өтіп, пікірлер, ойлар ортаға салынды. Алдымен оқырмандардан тест алынып, ең жоғары нәтиже алған мұғалімдерге қазақтың белгілі жазушыларының кітаптары сыйға тартылып, үздік оқырман ретінде марапатталды. Атап айтар болсақ, Жабаева Гүлбаршын Мырзабекқызы, Есенбаева Баянсұлу Сейдахметқызы, Әлімжан Дархан Мұхитұлы.  Оқырмандар талқысында сонымен бірге кітаптағы кейбір пайдалы дүниелерінің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың маңызы, оқушылардың емтихан, тест нәтижелерін көтеруге ықпал ететін тұстары айтылып, ортаға салынды. Әсіресе Жабаева Гүлбаршын, Бектұрсынова Ұмсынай, Әлімжан Дархан, Такежанова Бақыт, Темирболатова Рита және тағы басқа апайлардың ойлары, кітаптағы кейбір идеяларды пайдаланудағы тәжірибелері қызықты болды. Қорытынды бөлімінде іс-шараға қатысқан мектеп директоры Қасымова Айжан Тойбекқызы барша оқырмандарға алғысын білдіріп, бүгінгі конференцияға жауапты мұғалімдерге ризашылық сезімін білдірді. Аталмыш оқырмандар талқысы іс-шарасына жауапты болған – Cейдазимова Э.Ш., Егеубаева К.Ұ., Едігетегі Қ.Ә. 

Келесі оқырмандар конференциясында талқыға түсетін еңбек- Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы.