Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «KITAP AUESQOIY» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАЗУШЫ САЯТ ҚАМШЫГЕРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
23
январь
2023

«KITAP AUESQOIY» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАЗУШЫ САЯТ ҚАМШЫГЕРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

     Бүгін мектебімізде «KITAP auesqoiy» жобасының кезекті оқырмандар талқысы ұйымдастырылды. Оқырмандар талқысына ұсынылған бұл жолғы кітап –.башқұрт жазушысы Баймұхаметов Айгиз Ғиззатұлының «Тастамашы, ана!» шығармасы. Бүгінгі кітап талқысына «Тастамашы, ана!» кітабын аударған жазушы-журналист Саят Қамшыгер қатысып, мұғалімдермен мәнді де мағыналы кездесудің ұйытқысы болды. Бір апта бойы ұсынылған кітапты оқып, үлкен әсерге бөленген мұғалімдер, толып жатқан сұрақтарды дайындап, кездесуге асыға келген келген еді. Бүгінгі кезекті кітап талқысына жауапты болған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Балтабаева Аида Қолдыбайқызы мен Такежанова Бақыт Ахатқызы алдымен үлкен сұранысқа ие болған кітаптың авторы туралы баяндап, бейнебаян көрсетіп, сұрақтар жіберіп, қатысушыларды барыншы қызықтыруға тырысып бақты. Іс-шараның басты кейіпкері Саят Қамшыгер сөз кезегі келгенде кітапты аударуға не себеп болғандығы, аталмыш кітап туралы, шығарма автормен қалай кездескендігі және басқа да көптеген қызықты дүниелерді айтып, ойымен бөлісті. Мұғалімдердің мазалаған сұрақтарына жауап беріп, басқа да кітаптарымен таныстырып, шығармашылық жұмыстарымен бөлісті. Мектеп басшысы Қасымова Айжан Тойбекқызы сөз кезегінде келген қонаққа алғысын айтып, іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылық сезімін білдірді. Соңында естелік үшін фотосуреттерге түсіп, қонағымыз алып келген кітаптарға қолтаңбасын қойып, мұғалімдерге ұсынып жатты. Жалпы бүгінгі кітап талқысы өте жоғары деңгейде өтіп, мектеп тарихындағы естен кетпес сәттердің біріне айналды. 

  Еске сала кетсек, мұғалімдердің оқу сауаттылығын қалыптастырып жетілдіруге және оқу мәдениетінің деңгейін көтеруге бағытталған аталмыш іс-шара «KITAP auesqoiy» жобасының аясында өтіп жатыр. Келесі аптада талқыға түсетін кезекті кітап - Джон Кехоның «Түйсігіңмен ойлай біл».