«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.
Осы аптада аудандық №1 кітапханада мектебіміздің кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жабаева Гүлбаршын Мырзабековнаның бірлесе ұйымдастырған оқырмандар конференциясы өтті. 8 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен өткен оқырмандар конференциясындағы бұл жолғы тақырып заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі төңірегінде болғандықтан, оқушылар іс-шара барысында алдымен бейнефильм көріп, жетекшілерінің бір әдебиет шеңберінен биіктеп, әлемдік жауһарлар қатарына қосылған осынау туынды туралы баяндамасын тыңдап, артынша пікірлерін ортаға салды. Сұрақтар қойып, өздеріне қажетті жауаптарын алды. Жалпы ұлы жазушының аталмыш шығармасы балалар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып жататын шығарма болғандықтан, бұл тақырып төңірегінде жиі-жиі іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Бұл жолғы оқырмандар конференциясы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтіп, №1 кітапханамен бірлесіп ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың көңілінен шықты. Ал біз өз тарапымыздан ұйымдастырушыларға- мектеп кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна мен пән мұғалімі Жабаева Гүлбаршын Мырзабековнаға алғыс айта отырып, осындай ізгі шаралардың жалғаса беруін тілейміз.