«KITAP TALK» ОҚЫРМАНДАР ТАЛҚЫСЫ ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «KITAP TALK» ОҚЫРМАНДАР ТАЛҚЫСЫ ӨТТІ.
16
январь
2023

«KITAP TALK» ОҚЫРМАНДАР ТАЛҚЫСЫ ӨТТІ.

     Бүгін мектебімізде Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «KITAP auesqoiy» жобасының алғашқы оқырмандар талқысы өткізілді. Аптаның бірінші күніндегі оқырмандар талқысына ұсынылған кітап – Бақытжан Бұқарбайдың «Күміс кітабы». Жауапты- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ДБҒІЖО Торғанбеков Асан Ержанұлы. Өте тартымды, қызықты, LED экранды пайдалана отырып өткізілген семинар жоғары деңгейде өтіп, талқыға қатысқан мұғалімдердің көңілінен шықты. Пікір алмасып, кітап туралы ой-пікірлерін айтып, ортаға салды. Енді келесі аптада талқыға түсетін кітап – Мағжан Жұмабаевтың «Педагогикасы». Осы ретте керемет жобаның өткізілуіне ұйытқы болған және алғашқы оқырмандар талқысына жауапты әріптесіміз Торғанбеков Асан Ержанұлына ризашылық сезімімізді білдіре отырып, педагогтердің оқу сауаттылығын қалыптастырып жетілдіруге және оқу мәдениетінің деңгейін көтеруге бағытталған жобаның сәтті жалғаса беруіне тілектеспіз.