11
январь
2023
“КІТАП ӘУЕСҚОЙЫ” АТАНУҒА ШАҚЫРАДЫ.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасының онкүндікалды «Кітап әуесқойы» атты жобалық іс-шарасы қолға алынды. Жоба педагогтер арасында кітап оқуға бағытталып отыр. Жобалық шара білім алушылармен қатар, педагогтердің оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған. Осы ретте Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасы мектеп мұғалімдерін қазақстандық және шет елдік танымал авторлардың кітаптарын оқып, «Кітап әуесқойы» атануға шақырады.
Оқуға ұсынылған шығармалардың электронды нұсқасына сілтеме мен QR code қосымша ұсынылған.
