ХАБАРЛАНДЫРУ❗ » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХАБАРЛАНДЫРУ❗
05
февраль
2021

ХАБАРЛАНДЫРУ❗

Мұқағали - 90
 
Ақпараттық хат

Алматы қаласы №59 мектеп-гимназия әкімшілігі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігімен бірлесіп, «Поэзия! Менімен егіз бе едің?..» атты жыр жампозы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай қашықтан мектепішілік (өлең оқу, бейнеролик, авторлық арнаулар) байқауын ұйымдастыратындығын хабарлайды. 
Байқау екі бағытта жүреді. 
1. Оқушылар арасында (5-7 сынып, 8-11 сынып)
2. Мұғалімдер арасында (Барлық пән бірлестіктері)
Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 
28 қаңтар мен 5 ақпан аралығы (WhatsApp) 8 701 660 74 07 номеріне жолдануы керек.
Байқау бір кезеңнен тұрады. 
Қорытындысы 8 ақпанда анықталады.
Бейнеролик талапқа сай (сапалы түсірілуі, өзін-өзі таныстыруы, әдепке сай дұрыс киіну, дауыс ырғағы, 1 минуттан кем болмауы т.б.) түсірілуі тиіс. 
Ғаламтордан көшірілген жұмыстар қаралмайды.
Ақылдастар алқасы: Мектеп әкімшілігі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Дипломдар эл.пошта арқылы жіберіледі.
 Қосымша ақпарат үшін: 
Ұ.б. 8 701 660 74 07   Қанат Едігетегі

Похожие публикации:

14 сентябрь 2020 Конкурс оқушыларға