Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КЕЗЕКТІ ОҚЫРМАНДАР ТАЛҚЫСЫ ӨТТІ.
13
февраль
2023

КЕЗЕКТІ ОҚЫРМАНДАР ТАЛҚЫСЫ ӨТТІ.

       Бүгін жоспарға сәйкес кезекті оқырмандар талқысы өтті. Бұл жолы оқырмандар талқысына Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі түсіп, жан-жақты талқыланды. Халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы саналатын аталмыш шығарманы оқырмандар үлкен қызығушылықпен талдап, өзара пікір алмасты. Кітапта баяндалатын салт-сана мен дәстүр, жөн-жоралғыларымыз, ондағы ерекшеліктер күні бүгінге дейін өзінің құндылығын жоғалтпай, қайта күннен-күнге артып келе жатқандығы анық. Міне, осы тектес мәселелер кеңінен сөз болып, жастар тәрбиесінде де ұтымды пайдаланып, ұлттық дәстүрлерге баулуға болатындығы айтылды. Бүгінгі іс-шараға жауапты Заманбекова Гүлбану Құдайбергенқызы оқырмандарға кітаптағы маңызды мәселелер туралы сұрақтарын ортаға салып, өзекті дейтін дүниелерді жан-жақты ашуға тырысып бақты.  Белсенділік танытқан оқырмандар Гүлбаршын Мырзабекқызы, Гүлнар Әуесханқызы, Анар Темірханқызы "Үздік оқырман" ретінде танылды. Жалпы бүгінгі оқырмандар талқысы өте жоғары деңгейде өтіп, барша қатысушылардың көңілінен шықты. Танымдық маңызы зор болды. 

Бүгінгі оқырмандар талқысына жауапты болған - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Заманбекова Г.Қ. және Ерсариев М.Е.

   Келесі оқырмандар талқысына түсетін кітап –Спандияр Көбеевтің «Мен оқытушы» шығармасы.