ТАНЫМДЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ТАНЫМДЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
14
декабрь
2022

ТАНЫМДЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

       Бүгін қоғамдық-гуманитарлық пәндер  бірлестігінің онкүндігінің жұмыс жоспарына сәйкес  ««Тарих – өткенге сабақ, келешекке – өнеге» атты тақырыпта Тәуелсіздік күніне орай мұғалімдер арасында  танымдық іс-шара өткізілді. Тарихи есімдер, тарихи жылдар, бейнефильм, Тәуелсіздік  жырын шырқаңыз, – сияқты 4 кезеңнен тұрған сайысқа мектеп мұғалімдері қатысып, қызықты да көңілді іс-шараның куәсі болды. Жылқыбаева Ләззат Ақәділқызы бастаған тарихшы мұғалімдер сайысты барынша қызу өткізіп, жоғары деңгейде атқарып отырды. Үш топқа бөлініп, өзара сайысқа түскен мұғалімдер ел тарихына байланысты берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беріп, білім-білігімен сынасты. Интерактивті тақтада ұсынылған тарихи фильмдерді көріп, фильмнің атауын, оқиғасын, қай кезеңді бейнелейтінін айтып, көп ұпай жинауға тырысып бақты. Соңғы «Тәуелсіздік жырын шырқаңыз» бөлімінде Тәуелсіздік туралы өлең-тақпақтарын айтып, әндерін орындады. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен ІІ топ 1-орын, ІІІ топ 2-орын, І топ 3-орындарға жайғасып, арнайы сыйлықтарға ие болды. 

     Сайысқа қатысқан барша мұғалімдер көңілді әрі жоғары деңгейде өткізілген іс-шараға риза болып, тарихшыларға алғыстарын білдірді. Естелік үшін фотосуреттерге түсті. 

Айта кететін жайт, қоғамдық-гуманитарлық пәндер   бірлестігінің  онкүндік жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған аталмыш сайыс қорытынды іс-шара  етіп өткізіліп, түйіндісі ретінде ұсынылды. Осы орайда тарихшы мұғалімдердің он күн бойы үлкен қарқынмен бастап, ұйымшылдықпен өткізіп, көңілді аяқтаған іс-шаралары бәріміздің көңілімізден шығып, естен кетпестей әсерлер сыйлады. Танымдық, тәжірибе алмасу, тәрбиелік мақсатта өткізілген сабақтары әріптестері мен жас мамандарға жақсы жағынан әсер етіп, пайдалы болды. Тарих пәні бірлестігі осылайша өздерінің бірліктерін, ұйымшылдықтарын, кәсібиліктерін тағы бір дәлелдеді.