22
февраль
2023
"КӨҢІЛДІ ОҚУШЫЛАР АЛАҢЫНДА" ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.
Бүгін №32 жалпы білім беретін мектепте №7 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен Түрксіб ауданы қазақ мектептері оқушылары арасында "Көңілді Оқушылар Алаңы"(КВН) әзіл-сықақ сайысы өтті. Аталмыш сайыста 8 команда бақтарын сынап, соның ішінде біздің мектеп оқушылары "Айналайын 59" командасы ІІІ орынға ие болды. Жарайсыңдар, дейміз. Оқушылар арасында тапқырлық пен белсенділікті насихаттап, шығармашылық қабілеттерін шыңдауды мақсат ететін әзіл-сықақ сайысында біздің балалар өнер-білімдерін көрсетіп, жақсы нәтижеге ие болды. Жетекшілері: ДТІЖО Әлімжан Д.М. және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жабаева К.М. 

