Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ БАТЫРЛАРЫ” АТТЫ ТАРИХИ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ.
21
февраль
2023

“ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ БАТЫРЛАРЫ” АТТЫ ТАРИХИ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ.

     Бүгін аудандық №1 кітапханада мектеп кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна және аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлы даланың ұлы батырлары” атты тарихи сабақ өткізілді. Халқымыздың тарихи тұлғалары туралы кеңінен мәлімет беріп, ұлы батырлардың ұлы ерліктерін насихаттауды, осылайша жас ұрпақтың бойында туған тарихына деген мақтаныш сезімдерін ұялатуды мақсат еткен аталмыш сабақ жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға оң әсер етті. Негізінде біздің мектеп аудандық кітапханамен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы соңғы уақыттарда осындай ізгі іс-шаралар көптеп ұйымдастырылып, жоспарға сай өткізіліп келеді.  «Ұлы даланың ұлы батырлары» тақырыбында өткен кезекті іс-шара оқушыларға пайдалы болып, ұлы бабалар туралы тарихи танымын көтеруіне септігін тигізді. Аталмыш іс-шараға жауапты болған- мектеп кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна.