"БАЛА ТІЛІН ТАПҚАН АҚЫН" АТТЫ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "БАЛА ТІЛІН ТАПҚАН АҚЫН" АТТЫ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
20
январь
2023

"БАЛА ТІЛІН ТАПҚАН АҚЫН" АТТЫ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

       Кеше аудандық №1 кітапханада мектеп кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна мен кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен балалар ақыны Ермек Өтетілеуұлының 85 жылдық мерейтойына арналған "Бала тілін тапқан ақын" атты тәрбие сағаты өткізілді. «Балдырған» журналы мен «Жазушы», «Жалын» баспаларында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, балалар үшін көптеген кітаптар шығарған ақын-жазушы Ермек Өтетілеуұлының шығармаларын оқушыларға кеңінен таныстырып, оқыту, мол мұрасын насихаттау негізінде маңызды дүниелердің бірі. Осы игі шараларды қолға алған кітапханашы апайларымыз «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүзеге асырып, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын көтеріп, білім-танымын артыруға еңбек етіп келеді. Аталмыш іс-шара барысында балаларға бейнефильм ұсынылып, ақынның "Ең күшті адам", "Біз өсіп келеміз", "Баластан" сияқты көптеген кітаптарымен таныстырып, сұрақтар қойылып, кішігірім әдеби кеш форматында өткізілді. Көңілді ахуалда өткен тәрбиелік шараға балалар риза болып, ақын-жазушы туралы көп дүниелерді біліп алып, ұйымдастырушы апайларына алғыстарын айтты.