КІТАПХАНАҒА САЯХАТ » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КІТАПХАНАҒА САЯХАТ
17
ноябрь
2022

КІТАПХАНАҒА САЯХАТ

        «Оқуға құштар мектеп» акциясы аясында біздің мектепте көптеген іс-шаралар мен игі жұмыстар атқарылып жатады. Мектеп мұғалімдері мен кітапханашылар бұл ізгі іс-шараға барынша атсалысып, балалардың оқуға деген қызығушылығын оятуға мұрындық болуда. Кеше кітапханашы Кабытаева Назира Ажибаевна 3-сынып оқушыларымен бірге ауданымыздағы №1 балалар мен жас өспірімдерге арналған кітапханаға саяхат жасап, кітап көрмесімен, жаңа басылымдармен танысып қайтты. «Менің Отаным - Қазақстан” атты тәрбие сағаты ұйымдастырылып, соған қатысты. Көптеген пайдалы дүниелермен танысқан балаларымыз білімін, ой-түсінігін көтерді. Игі істердің ұйытқысы болып жүретін мектеп кітапханашысы Назира апайларына алғыстарын білдіріп, кітапханаға тағы да келіп тұрсақ деген тілектерін айтты. Кітапхана қызметкерлеріне ризашылық сезімдерін білдірді.