«ҮЗДІК ДӘПТЕР» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҮЗДІК ДӘПТЕР» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ.
16
февраль
2023

«ҮЗДІК ДӘПТЕР» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ.

     Ақпан айының 1-і мен 10-ы аралығында мектебіміздің 5-6 сынып оқушыларының математика пәніне арналған «Үздік дәптер» байқауы өтіп, осы аптада қорытындыланды. Жазба жұмысы   дәптерлерін тексеру,  үй тапсырмасының орындалуын және оқушылардың сауатты жазуын қадағалауын мақсат еткен аталмыш байқау мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес №284 бұйрығы негізінде жүргізіліп, жүзеге асырылды. Аталған сыныптарға, дәлірек айтқанда, 5 «а», «ә», «б»-сыныптарға Утембаева Г., 5 «г», 6 «б»-сыныптарға Нышанбек С., 5 «в», 6 «г»-сыныптарға Бекмаханбет О., 6 «в»-сыныпқа Серботаева І. сабақ береді. Жалпы алғанда 5, 6-сыныптарда математика пәні бойынша оқушылардың дәптерлері түгел, талапқа сай толтырылған, пән мұғалімдері уақытысында тексеріліп, пікір жазып, кері байланыс беріп отырады. Дәптерді тексеруде үй жұмысы нормасының орындалуы, сынып жұмысына қатынасы, қатемен жұмыстың орындалуы, оқушының өз бетімен жұмыс түрі, мазмұны, орфографиялық режимнің сақталуы, оқушы дәптерлерінің тексерілу сапасы, тексеру жиілігі, нашар үлгеретін оқушы жұмысының сақталуы, мұғалімнің қатені түзету әдістері, қатені болғызбау шаралары, деңгейлік тапсырмалардың орындалуы, бағаның дұрыс қойылуы, тексеру жиілігі, норманың сақталуы секілді бірнеше талаптар бойынша жұмыстар атқарылды.

        Аталған жұмыстарды қорытындылай келе, келесі оқушылардың дәптерлері «Үздік» деп танылды.

 5-сыныптарда: Дамирқызы І., Сәрсенбек Е., Әнуарбек А., Серікбек М., Балпық А., Атыхан А., Асылхан А., Қайрат Ә., 

 6-сыныптарда: Әли Н., Әлімсейіт А., Аббазбек Д., Еркенгазина А., Рахман Р., Ибраймова А. 

    Оқушылардың бойында ұқыптылық, жауапкершілік, мәдениеттілік, тиянақтылық секілді дағды-қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған байқау өз дәрежесінде өтіп, тиісті деңгейде қорытындыланды. Аталмыш іс-шараны алдағы уақытта да өткізіліп тұруы керек деген тұжырымға келді. 

      Байқауға жауапты болған және тексеру жұмыстарын жүзеге асырған – Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Егеубаева К.У. және математика пәні мұғалімі Айбасова Г.