Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «...АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ!» ДЕП УӘДЕ БЕРДІ.
09
декабрь
2022

«...АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ!» ДЕП УӘДЕ БЕРДІ.

Бүгін №59 мектеп-гимназиясының 2-сынып және 5-сыныптың үздік әрі белсенді оқушылары Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылданды. Жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары етіп тәрбиелеуді көздейтін аталмыш ұйымның қатарына қабылдау жылына екі рет ұйымдастырылып, өзіндік ережесімен және рәсімімен өткізіледі. Бұл еліміздегі барша мектептерінде қалыптасқан дәстүрлі игі шара. Бүгінгі қабылдау рәсімі Тәуелсіздік күніне орай өткізіліп, үлкен дайындықпен ұйымдастырылды. Мектебіміздің белсенді оқушылары, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері Қанат Ерали мен ұланбасы Мадалимова Айжан салтанатты жиынды жүргізіп, ұйымның мақсат-міндеттері мен ережелерімен таныстырып, қатысып отырған барша көрермендердің көңілінен шығып отырды. Сценарий бойынша Мемлекеттік ту мен «Жас Ұлан» ұйымының туы ортаға маршпен шығарылып, әнұран орындалып, «Жас Ұлан» ұйымының әні шырқалды. Маңызды сәт, оқушылардың ұйым қатарына қабылданатын кезде «Антты» дауыстап бар ынтасымен айтуы еді. Өйткені Отанының патриоты болуға, туған елі мен жерін мақтаныш етіп, мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге, табиғатты аялап, өз еліне шексіз қызмет етуге «Ант етемін!Ант етемін! Ант етемін!»- деп үш қайтара айтуы балалардың бойында үлкен жауапкершілік пен айырықша сезім қалыптастырады. Ту түстес галстук пен төсбелгіні мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың бірлесе отырып тағуы- бұл да бір есте қалатын көрініс болды. Мектебіміздің домбырашылар тобы мен талантты әншіміз Умурзаков Жандос өнерлерін ортаға салып, салтанатты жиынның әсерін арттырды. Қорытынды бөлімінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха апай балалардың ұйым қатарына енуімен құттықтап, өз елінің патриоты, нағыз азамат бола берсін деген ізгі тілегін білдірді. Жалпы аталмыш іс-шара оқушылар үшін ұмытылмастай әсер қалдырып, жоғары қарқынмен атқарылып өткізілді. Бұл игі шараға жауапты: мектеп тәлімгері Едігетегі Қанат Әбдіманапұлы