«ЖАС ҰЛАН» САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ.
Бүгін біздің балаларымыз Оқушылар сарайында өткен Республикалық «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты қабылдау іс-шарасына қатысты. Алматы қаласының озат әрі үлгілі мектеп оқушылары осынау бір ауқымды іс-шараға белсене қатысып, ұйымның ережесіне сай ант қабылдап, үлкен әсерге бөленіп қайтты. Салтанатты шара барысында Оқушылар үйінің өнерпаз балалары ән орындап, би билеп, салтанатты кештің әсерін арттырды. Аталмыш іс-шараға қатысқан біздің №59 мектеп-гимназияның 5-сынып оқушылары Атыхан Алдияр мен Асылхан Айзада үлкен әсерге бөленіп, өздерінің «Жас Ұлан» ұйымы қатарына кіргенін мақтан тұтып, мәз-мейрам болысты. Ал біз патриоттық тәрбие мен ізгі қасиеттерді қалыптастыруды мақсат еткен осынау ұйымның ұйымдастырушыларына алғыс сезімімізді білдіре отырып, игі шаралардың жалғаса беруін тілейміз.