Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«КӨҢІЛДІ ЖАЗ»
19
август
2022
«КӨҢІЛДІ ЖАЗ»
           Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Айтахметова Айгерім Ерікқызының 3 «В» сыныбындағы оқушылары «Көңілді жаз» тақырыбында бейнероликтер түсіріп, өзара сайысқа түскен болатын. Солардың ішінде Калелов Аслан мен Игілік Абылайханның бейнероликтері сәтті шығып, назарға ілінді. Мектеп сайтына бейнематериалдар салынбайтын болғандықтан, оқушылардың бейнероликтеріндегі суреттерді көшіріп, ұсынып отырмыз. Сынып жетекшісі Айгерім Ерікқызына осындай әдемі бейнероликтерді түсіруіне ұйытқы
Ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан марапат алды.
11
август
2022
Ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан марапат алды.
       Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі және ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңіне оқушыларды дайындағаны үшін дене шынықтыру пәні мұғалімі Ибраимов Серікбол грамотамен марапатталды. Құтты болсын дейміз.
Бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі
10
август
2022
Бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі
         Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық дене шынықтыру және спорт   оқу-тәжірибелік орталығы еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі және ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңіне оқушыларды дайындағаны үшін дене шынықтыру пәні мұғалімі Ташаухан Данияр Болатұлы грамотамен марапатталды.  Құтты болсын!
Шығармашылық табыстары үшін грамотамен марапатталды.
09
август
2022
Шығармашылық табыстары үшін грамотамен марапатталды.
              Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының директоры А.Дупик мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Хабира Берікболқызын жас ұрпақ бойына сапалы білім және ұлттық құндылық қалыптастырудағы шығармашылық табыстары үшін  Құрмет грамотасымен марапаттады.  
Құрмет грамотасымен марапатталды.
08
август
2022
Құрмет грамотасымен марапатталды.
         Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының директоры А.Дупик мектебіміздің ұлағатты ұстаздары Ибраимова Бақыт Тасболатқызы мен Арзикулова Гүлмира Азкенқызын жас ұрпақ бойына сапалы білім және ұлттық құндылық қалыптастырудағы шығармашылық табыстары үшін   Құрмет грамотасымен марапаттады. Әріптестерімізді құттықтаймыз!  
Қайырымды істерге ұйытқы болайық
06
август
2022
Қайырымды істерге ұйытқы болайық
    Қайырымды болу, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – ата-бабаларымыздан мирас болған ізгі қасиеттер. Бұрындары бір жиһанкез: «Өзге елдер байлықпен жарысса, бұл ел қайырымды істермен жарысады екен» деп, қазақтың осы бір асыл қасиетіне риза болып кеткен екен.  Иә, жақсылық жасау, қайырымды болу- бұл біздің елдігіміздің, бірлігіміздің нышаны. Кейінгі ұрпақ осы бір ізгі істерімізден үлгі алып, жақсылыққа қарай қадам басса, қайырымды болуды үйренсе, онда біздің халқымыз мәңгі жасай береді деген сөз.
БІЗДІҢ БАЛАЛАР КІТАПХАНАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ОҚЫРМАНДАРЫ
03
август
2022
БІЗДІҢ БАЛАЛАР КІТАПХАНАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ОҚЫРМАНДАРЫ
       Жазғы демалыс уақытысында біздің мектеп мұғалімдері балалардың кітапханаға жиі барып, кітап, журналдар оқып тұруына ұйытқы болып жатады. Осы орайда аудандық №1 кітапхана бұл іске мұрындық болып, балалардың шығармашылықпен айналысуына барынша қолайлы орта ұсына алады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі кітаптар қорымен байытылған аталмыш кітапхана балалардың сұранысын қанағаттандырып, қажетті басылымдарын тауып беріп жатады. Міне, мұғалімдер аудандық кітапхана қызметкерлерімен тығыз
«ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ»
25
июнь
2022
«ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ»
    «Бала деген- ғұмырың ғой арнайтын,  Бала деген- бір бақыт қой аңсайтын» демекші, балалардың бақытты болашағы мен дендерінің саулығы үшін не істемейсің? Әрбір күнін көңілді етіп, дені сау, ойы сергек болуы үшін еңбек етіп, білім-білігіңді саласың. Бүгін Жазғы лагерь балалары мектеп жанындағы аллеяға барып, ойнап, жаттығулар жасап қайтты. Балалар үшін жасалған түрлі ойын алаңдары мен жаттығу үшін арналған спорттық құрылғылармен ойнап, жаттығулар жасап, бір марқайып қалды. Тәрбиеші мұғалімдері
СЕЙФУЛЛИН ПАРКІНЕ САЯХАТТАП, ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫНДАР ОЙНАП ҚАЙТТЫ.
24
июнь
2022
СЕЙФУЛЛИН ПАРКІНЕ САЯХАТТАП, ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫНДАР ОЙНАП ҚАЙТТЫ.
           Бүгінгі жоспар бойынша Жазғы лагерь балалары Сейфуллин паркіне барып, эстафеталық ойындар ойнап қайтты. Әрі ауа-райы ашық болып, балалардың эстафеталық ойыны үшін өте қолайлы күн болды деуге болады. Балалар командаға бөлініп, бірінші болуға асығып, өздерін үздік екендіктерін көрсетуге тырысып бақты. Тәрбиеші мұғалімдері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ыңғайлы сайыс түрін таңдап, белсене ойынға араласуына мүмкіндіктер жасады. Ешкім қалыс қалмай, өздерін барынша көрсетуге тырысып
БІЗДІҢ БАЛАЛАР КІТАПХАНАҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
23
июнь
2022
БІЗДІҢ БАЛАЛАР КІТАПХАНАҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
           Кітапхана – бұл білім ордасы, мәдени-ағартушылық мекеме. Балалар мен жасөспірімдердің ғана емес, жалпы кез келген азаматтардың рухани толысып, білім-ілімін ұштайтын, керекті мәліметтерін алатын ең бір қолайлы жер. Кітапхананың негізінде өзіндік қалыптасқан рухани қуаты, тылсым күші болады. Ол жерге барған кез келген оқырман, жасөспірім осы бір қуатты сезініп, айырықша әсерге ие болатыны бар. Сондықтан да кітапханаға деген дұрыс көзқарасты қалыптастырып, балалардың жиі келіп тұруына