Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БІРЫҢҒАЙ ТАНЫМДЫҚ САБАҚТАР ӨТТІ.
10
сентябрь
2022

БІРЫҢҒАЙ ТАНЫМДЫҚ САБАҚТАР ӨТТІ.

        Осы аптада мектебімізде Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған бірыңғай танымдық сабақтар өтті. Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер, қазақтың болашағы мен халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет етіп, білім алуға және бұқараны ағартуына шақырған ұлт көсемінің күреске толы өмір жолы мен ұлттық идеялары бүгінгі жас ұрпақ үшін маңызы үлкен рухани азықтар. Ұлт ұстазы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазып, қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсонның өлеңдерін аударып, кейінгі ұрпақ үшін мол мұра, таусылмас қазына қалдырды. Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып, көптеген мақалалар жазды. Міне, бірыңғай танымдық сабақтарда Ахаңның осы еңбектері мен өмір жолы сөз болып, кеңінен таныстырылды. Оқушылар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, білімдерін ортаға салды, өз ойларымен бөлісті.