Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ҰСТАЗДАР КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ.
29
сентябрь
2022

«ҰСТАЗДАР КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ.

«Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға, 

Сіздермен тола берсін ортамызда...» деген жүрекжарды сөздермен басталған бүгінгі 11-сынып оқушылары тарапынан  ұйымдастырылған концерт ұстаздардың құрметіне арналып, ізгі істеріне деген алғыс сезімдері мен ризашылықтарын жеткізу мақсатында өткізілді. Музыка пәні мұғалімі, ардагер ұстаз Атантаева Бұлбұлқұс Абылғазықызының «Ақжелең» домбырашылар тобының орындауындағы «Балбырауын» мен «Әлқисса» секілді тамаша күйлерімен басталған аталмыш мерекелік кешті мектебіміздің белсенді оқушылары Нұрхан Абдулла мен Дана Базарова жүргізіп, викториналық сұрақтар қойып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап отырды. Мектебіміздің ақын қыздары 11 «А» сынып оқушысы Дүйсенбай Ақжан мен 11 «Ә» сынып оқушысы Демалышева Анар ұстаздарға арналған өлеңдерін оқып, ыстық лебіздерін жеткізді. Математика пәні мұғалімі Бектұрсынова Ұмсынай апайымыз оқушылары Ақжан мен Альфиямен бірігіп, «Ұстаз бен шәкірт» әнін орындады (сөзін жазған Дүйсенбай Ақжан). Сонымен қатар 11 «А», «Ә», «Б» сынып оқушылары кезегімен әртүрлі қойылымдар қойып, М.Мақатаевтың «Бақыт деген...» әнін орындап, музыкалық номерлерді ұсынып отырды . Кеш соңында мектеп директоры Қасымова Айжан Тойбекқызы сөз алып, осындай керемет концертті ұйымдастырған оқушыларға ризашылық сезімін жеткізіп, алғысын айтты. Естелік ретінде фотосуреттерге түсіп, бір-біріне деген жылы лебіздерін жеткізіп жатты.