Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Көңілді эстафета»
08
июнь
2022
«Көңілді эстафета»
          Бүгін Жазғы лагерь балалары арасында эстафеталық сайыс өтті. «Көңілді эстафета» деген тақырыппен ұйымдастырылған жарыс тартысты, қызықты және тақырыбы айтып тұрғандай аса көңілді өтті. «Балапан», «Балдырған», «Балауса» және «Балдәурен» топтарының балалары ең үздік болуға талпынып, бар күшін сала өнерлерін көрсетті. Жанкүйер достары болса, қолдау көрсетіп, «Алға! Алға!» деп, жігерлендірумен болды.  Нәтижесінде «Балапан» тобы І орын, «Балауса» тобы ІІ орын, ал «Балдырған» мен
БІЗДІҢ БАЛАЛАР ХАЙУАНАТТАР БАҒЫНДА
07
июнь
2022
БІЗДІҢ БАЛАЛАР ХАЙУАНАТТАР БАҒЫНДА
        Бүгін біздің Жазғы лагерьдегі балаларымыз Хайуанаттар бағына саяхаттап қайтты. Бұл күнді асыға күткен жас жеткіншектеріміз барсақ, көрсек деген ізгі тілектеріне бүгін міне жетіп, қуаныштарында шек болмай, мәз-мейрам болып қайтты. Игі істі қолға алып, балалардың аман-есен, көңілді барып қайтуына жауапты жетекші мұғалімдері де бұл жұмысты ойдағыдай атқаруына барын салып, пайдалы, қызықты өтуіне мән берді. Жалпы 85 жылдық тарихы бар Хайуанаттар бағында аң-құстардың 500-ден астам түрлері
ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ОҚУШЫЛАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ.
06
июнь
2022
ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ОҚУШЫЛАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ.
          Бүгін мектеп алаңында Мемлекеттік Рәміздер күнін атап өту үшін Жазғы лагерь жетекшілері мен оқушылары «Мемлекеттік Рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өткізді. Әнұранды салтанатты түрде орындаумен басталған іс-шараны мектеп мұғалімдері Сейткулова Балнұр мен Ташбаева Олтиной жүргізіп, ел Рәміздері туралы біраз ақпараттарды айтып, мән-маңызын түсіндіріп берді. Жазғы лагерь балалары іс-шараға белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. «Балауса» тобынан Жолдасбек
"Мемлекеттік Рәміздер күні " аталып өтілді.
04
июнь
2022
"Мемлекеттік Рәміздер күні " аталып өтілді.
Бүгін Түрксіб ауданындағы Сауранбаев көшесі бойындағы Арбатта аудандық әкімшіліктің ұйымдастыруымен "Мемлекеттік Рәміздер күніне" байланысты іс-шара өтті. Түрксіб ауданындағы білім, мәдениет, медицина және тағы басқа мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты марш өтіп, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. Біздің мектебіміздің мұғалімдері аталмыш іс-шараға белсене қатысып, ұйымдастырушылық ісіне атсалысты. Әнұранды хормен орындап, құттықтау сөздерін жеткізді.   
Қалалық "Алые тюльпаны" байқауының жеңімпазы атанды.
03
июнь
2022
Қалалық "Алые тюльпаны" байқауының жеңімпазы атанды.
    Бүгін біздің мектебіміздің оқушылары туризм бағытында тағы бір жеңіске қол жеткізді. Қалалық "Алые тюльпаны" байқауына қатысып, үздік нәтиже көрсетіп, І орын алды. "Оқушылар сарайының" директоры А.Б.Байсымакова балаларымызды құттықтап, грамота және кубокпен марапаттады.  
Жазғы лагердің 2-ші күні
02
июнь
2022
Жазғы лагердің 2-ші күні
        Жазғы лагерді дұрыс ұйымдастыра білудің өзі үлкен өнер. Бұл белгілі бір тәжірибені, білім-білікті қажет етеді. Балалардың жас ерекшелігі мен мінез-құлықтарын ескере отырып, жағдай қалыптастыру, демалысы мен ойын-сауық шараларын кезегімен, уақытымен ұйымдастыра білу кәсіби педагогтардың басты міндеттерінің бірі. Біздің мектебіміздің білікті мамандары осы міндеттемелерді ескере отырып, балалардың әрбір сәтін қызықты, пайдалы өткізу үшін еңбек етуде. Бүгін жазғы лагердің екінші күні.
«АЛМАТЫ БАЛАFEST» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.
01
июнь
2022
«АЛМАТЫ БАЛАFEST» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.
        Бүгін Алматы қаласындағы Ботаникалық бағында 1 маусым - Балалар күніне орай «Алматы БАЛАFEST» фестивалінің қорытынды іс-шарасы өтіп, жеңімпаздары дипломдар мен арнайы сый-сыяпаттармен марапатталды. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және басқа да лауазымды тұлғалар келіп, байқауға қатысқан барша оқушыларды жеңісімен құттықтады. 300 мыңға жуық үміткер қатысқан аталмыш фестиваль бір ай бойы жүріп, бүгін Балалар күніне орай
Жазғы мектеп пен жазғы лагерь жұмысын бастады.
01
июнь
2022
Жазғы мектеп пен жазғы лагерь жұмысын бастады.
        Бүгіннен бастап мектебімізде бастауыш сыныптар үшін жазғы лагерь, орта және жоғары сыныптар үшін жазғы мектеп жұмысын бастады. Бұл балалардың жазғы демалысының алғашқы кезеңдерін пайдалы етіп өткізу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жазғы лагерь жас балаларға екі мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, түрлі сауықтыру ойындарын өткізіп, пайдалы істермен айналысуына барынша мүмкіндіктер береді. Мектептің кәсіби мамандары арнайы айналысып, жазғы демалысын көңілді өткізуіне еңбек етеді. Ал
"Бірге жарқыра!"атты тақырыпта флешмоб ұйымдастырылды.
31
май
2022
"Бірге жарқыра!"атты тақырыпта флешмоб ұйымдастырылды.
Жазғы мектеп оқушыларының арасында Балаларды қорғау күніне орай "Бірге жарқыра!" атты тақырыпта флешмоб ұйымдастырылды. 
АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
28
май
2022
АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
        Алматы қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мектебіміздің биология пәні мұғалімі Ибраимова Бақыт Тасболатқызы мен география пәні мұғалімі Арзикулова Гүлмира Азкенқызын «Пән бойынша ұзақ, орта және қысқа мерзімді оқу жоспарларын талдау» тақырыбындағы Қалалық семинарда қолдау көрсетіп, педагогикалық тәжірибелерін қала мұғалімдеріне бөлісудегі жетістіктері үшін Алғыс хатпен марапатталды. Құтты болсын, дейміз. Ұлағатты ұстаздарымыздың педагогикалық тәжірибелері қала