МІНДЕТТЕРІНЕ АДАЛ, ІСТЕРІНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МІНДЕТТЕРІНЕ АДАЛ, ІСТЕРІНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАДЫ.
20
июнь
2022

МІНДЕТТЕРІНЕ АДАЛ, ІСТЕРІНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАДЫ.

       «Демаламыз, күлеміз. Көңілді жазды сүйеміз!» деп танысу мерекесімен басталған Жазғы лагерь балалар үшін ұмытылмастай әсер қалдырып, өз жұмыстарын жемісті өткізгендігін айта кету керек. Бұл уақыт аралықтарында балалар көп нәрсеге үйреніп, қажетті дағдыларға тәрбиеленді. Сурет салу, Жол ережелерімен танысу, Тіл үйірмелеріне қатысып, сөйлеу дағдыларын жаттықтырды. «Денсаулық күніне» байланысты медбикемен әңгіме етіп, денсаулықты күтудің тәртіптерін білді. «Сен дәстүрді білесің бе?» деген викториналық сұрақтар сайысында дәстүрдің не екенін, аталарымыз ұстанған әдет-ғұрыптардың маңызына аз да болса да қанық болып, бала болса да өзіндік пікірлерін айтып үйренді. Қиял-ғажайыпқа имандай сенгіш балалар үшін «Ертегілер еліне саяхат» атты ойын сабағы ерекше әсер етіп, қиялдарына ерік берілді. Хайуанаттар бағына да саяхаттап қайтты. Үш топта ұйымдастырылған игі шаралар өз деңгейінде болып, жоспарға сай өткізіліп жатты. Жалпы балалар үшін тек жақсысын беруге тырысып баққан тәрбиеші мұғалімдер өз міндеттеріне адал, істеріне жауапкершілікпен қарағандығын айта кетуге тиіспіз.