19
февраль
2022
Қазақстан Республикасының президентінің сұхбатынан ...
Президентіміз Қ.К.Тоқаевтің 17.02.2022ж . берген сұхбатында елімізде "Қаралы қаңтар" атанған Алматы оқиғасына және бүкіл Қазақстанда болған басы бейбіт шерумен басталып, аяғы қанды қырғынға ұласқан қаңтар оқиғасына қатысты ашық сұхбат берді.Ел аузында әртүрлі әңгіме болып жүрген "түрлі қылмыстық әрекеттер жасалды"деген халық арасында тараған көп сөздің түйініне тоқтау айтылды.Президент сөзінің ең негізгі қағидасы халық тыныштығы басты мүдде екеніне көз жеткізді.Әрине ,бұл оқиға қаншалықты әр қазақстандыққа ауыр тигенімен, ең басты естен шығармауымыз керек дүние-ол ел тыныштығы екенін басып айтты.Бұл дұрыс қағида. "Тәртіпке бағынған құл болмайды"дейді дана халқымыз. Ел арасындағы дүрбелең мен қауөсеттің түбінде нақты дәлелді оқиғалардың әшкере болып шындықтың ашылып, адалдықтың ақ туы биікте тұратынына аса назар аудару керек екенімізді меңзеді Сондай-ақ, бұл оқиға тарих айдарында өз шындығы мен адалдығымен қалатынына сендірді.Бұл дегеніміз, әрбір жеке оқиғаның жіті тергеліп, тергеу -тексеру амалдарының адал өтетініне сендірді. Дәл сол сәтте қатаң қабылданған шешім болып көрінгенімен елдігіміздің тұғырының беріктігі үшін қабылданған шешім болғанын айтты.
Президентіміздің сұхбатынан ең басты сабақ етіп аларымыз -ел тыныштығы мен мемлекеттігіміздің сақталып қалу принципі басты ұстанымымыз болмақ.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!