22
июнь
2022
ШАХМАТ – ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫННЫҢ ТӨРЕСІ
Сондықтан да біздің тәрбиешілер осы бір ойын түрін ұтымды пайдаланып, Жазғы лагерь балаларын үйретуге бар күшін салуда. Шахматқа үйренген бала ұстамды, логикалық ойы мықты, ақпараттарды қабылдай алатын қабілеттерге ие бола алады. Орыстар шахматты «Гимнастика ума» деп бекер айтпаған ғой. Сондықтан да осы ойын түріне үйрету балалардың болашағы үшін өте пайдалы болмақ. Бүгін мектебіміздің мұғалімдері, Жазғы лагерьде тәрбиеші болып қызмет жасап жүрген қыздарымыз балаларға шахматтың жүрістерін үйретіп, қалай ойнау керектігін түсіндіріп берді. Шахматтың пайдасы мен оның үлкен тұлға ретінде қалыптастыруына тигізетін әсері туралы ойларымен бөлісті.