Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жұлдызды сәт» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
23
май
2022
«Жұлдызды сәт» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
           Балалар жылы аясында өткізілген «Жұлдызды сәт» аудандық байқауында өнер көрсеткен  Умирзаков Жандос «Вокал өнері» номинациясы бойынша орта топ ІІІ орынға, Қанағат Інжу «Вокал өнері» номинациясы бойынша кіші топ ІІІ орынға, Жолдас Дінмұхаммед «Вокал өнері» номинациясы бойынша ересек топ ІІ орынға ие болып, мектебіміздің абыройын асқақтатты. (Мұғалімі: Кыпшакова Дариха).  Сондай-ақ  орта топ бойынша «Аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша өнер көрсеткен мектебіміздің «Ақжелен»
Құттықтаймыз!
21
май
2022
Құттықтаймыз!
«Елбасы медалінің» кезекті жеңімпазы, №59 мектеп-гимназиясының мақтанышы, 11 «Б» сынып оқушысы Кузенбаева Айша Маликқызын «Қола медалімен» құттықтаймыз! Пән мұғалімі: Торғанбеков Асан Ержанұлы. 
Министр қола медальмен марапаттады.
20
май
2022
Министр қола медальмен марапаттады.
            «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың барлық кезеңдерін абыроймен өткен Түсүпбекова Ақнұрды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қола медальмен марапаттады. Пән мұғалімі: Заманбекова Гүлбану. Құттықтаймыз!
НАИБ ИМАММЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
19
май
2022
НАИБ ИМАММЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
              Имандылыққа тәрбиелеп, жастардың бойында діни сауаттылықты қалыптастыру- білім беру саласындағы маңызды мәселелердің бірі. Жастарды дұрыс жолға бағыттап, ішкі рухани сұранысын қанағаттандырып отыру, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін, сауапты іс пен күнәлі әрекеттердің айырмасын түсіндіру қазіргі уақытта аса қажет. Әсіресе, қоғамда белең алып бара жатқан өзіне өзі қол жұмсау, теріс ағымға түсу секілді зиянды қадамдар мен келеңсіз әрекеттерді алдын алуда қоғам болып күресуді қажет
Мерейлі жасқа келгендерді құттықтады.
18
май
2022
Мерейлі жасқа келгендерді құттықтады.
Мерейлі жасқа келіп, ардақты ұстаз, ел ағасы атанып жатқан әріптестерді құттықтау, құрмет көрсету мектебімізде жыл сайынғы ұйымдастырылып тұратын ізгі шаралардың бірі. Бүгін осы дәстүр жалғасын тауып, мектебіміздің мәжіліс залында мерейтой иелерін құттықтау салтанаты өтті. Бар саналы ғұмырын ұстаздық кәсіпке арнап, өзінің қазақ әйелі, асыл жар, ардақты ана  екенін бір сәтке де ұмытпай, кез келген жаста, кез келген рөлде тәрбиелі, кішіпейіл әрі мейірбан бола білген мектебіміздің математика пәні
Сәт сапар саған, жас түлек!
17
май
2022
Сәт сапар саған, жас түлек!
                     Бүгін мектебіміздің мәжіліс залында 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Сәт сапар саған, жас түлек!» атты мерекелік кеш өтті. Арнайы ұйымдастырылған, әсемделіп, көркемделген бұл кеш мектеп бітіргелі жатқан 11-сынып оқушыларына арналып, құрмет-ілтипат көрсету, үлкен өмірдегі ізгі қадамдарына тілектестік білдіру мақсатында өтті. Кеш әсерлі өтіп, 10 «Ә» сынып оқушылары Базарова Дана мен Жапархан Ерасыл жүргізіп, қалжың, көңіл көтеру мақсатында викториналық сұрақтар қойылып,
Депутаттармен кездесу өтті.
17
май
2022
Депутаттармен кездесу өтті.
           Бүгін ҚР Мәжіліс депутаттары Елнұр Бейсембаев, Мәди Ахметов, Түрксіб ауданы мәслихатының депутаты Бадаева Роза Кенесханқызы және «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Серікболсын Сарыбаев № 59  мектеп - гимназиясына келіп, мұғалімдермен кездесу өткізді. Негізгі тақырып алдағы 5 маусымда өткелі жатқан Бүкілхалықтық Референдум туралы болғандықтан, әңгіме осы мәселенің төңірегінде өрбіді. Ата заңға 30-дан астам бапқа өзгеріс енгізгелі жатқандықтан бұның Тәуелсіз еліміз үшін қаншалықты
Оқушылар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы ұйымдастырылды.
16
май
2022
Оқушылар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы ұйымдастырылды.
           Өткен жұмада «Өнер біздің рухани әлеміміз» атты эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында 5-сыныптар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы ұйымдастырылды. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, салауатты өмір салтын насихаттап, ер азаматтың бойындағы ізгі қасиеттерді таныстыруды, әрі қалыптастыруды мақсат еткен аталмыш байқау таныстыру, өнерлерін көрсету, сұрақ-жауап және күш атасын танымас секілді 4 кезеңнен тұрып, қатысушылар арасында нағыз бәсекелестікті тудыртты. 5 «Ә» сынып оқушылары
Қолөнер сайысы ұйымдастырылды.
14
май
2022
Қолөнер сайысы ұйымдастырылды.
           Алматы БалаFEST» фестивалі аясында Алматы қаласы Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында ұйымдастырылған «Өнерлі бала» атты мектепішілік  қолөнер байқауы өткізілді.  Байқау нәтижесінде ең үздік шыққан қолөнер жұмыстары жоғары бағаға ие болып, аудандық кезеңге жіберілді.
Робототехника және бағдарламалық байқауы өтті.
14
май
2022
Робототехника және бағдарламалық байқауы өтті.
        «Алматы БалаFEST» фестивалі аясында Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында ұйымдастырылған IT -Хакатон робототехника және бағдарламалық байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Негізінде соңғы уақытта робототехника оқушылар үшін қызықты және аса құлшыныспен айналысатын істерінің біріне айналған. Сонымен қатар білім беру саласы да осы робототехниканы дамытып, мектептерде кеңірек өріс алуын назарда ұстауда. Бүгінгі ұйымдастырылған робототехника және бағдарламалық байқауы