Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «АЛМАТЫ БАЛАFEST» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.
01
июнь
2022

«АЛМАТЫ БАЛАFEST» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.

        Бүгін Алматы қаласындағы Ботаникалық бағында 1 маусым - Балалар күніне орай «Алматы БАЛАFEST» фестивалінің қорытынды іс-шарасы өтіп, жеңімпаздары дипломдар мен арнайы сый-сыяпаттармен марапатталды. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және басқа да лауазымды тұлғалар келіп, байқауға қатысқан барша оқушыларды жеңісімен құттықтады. 300 мыңға жуық үміткер қатысқан аталмыш фестиваль бір ай бойы жүріп, бүгін Балалар күніне орай қорытындыланды. Біздің мектеп оқушылары бірнеше бағыт бойынша сынға түсіп, мектепішілік, аудандық және қалалық кезеңдерінде үздік нәтиже көрсетіп келді. Нәтижесінде «Кітап – білім бұлағы» байқауында 5-сынып оқушысы Мадалимова Айжан ІІ орынға (жетекшісі Ерсариев М.Е.),  ІТ –ХАКАТОН байқауында 6-сынып оқушысы Абдрей Әділбек ІІ орынға (жетекшісі Тоқтабекова Н.М.), «Боялар құпиясы» сайысында 8-сынып оқушысы Нұрақын Нұржан ІІІ орынға (жетекшісі Ұзақбаева А.Т.) және вокалдық өнер бойынша сынға түскен Жолдас Дінмұхаммед І орынға (жетекшісі Кыпшакова Д.) ие болып, мектебіміз бен ауданымыздың мерейін үстем етті. Оқу жылын осындай қуанышты жаңалық және үздік нәтижелермен аяқтай отырып, мектебіміздің  талантты оқушыларын дайындап, білім-білігін ұштап жүрген барша мұғалімдерге, жетекші ұстаздарына алғыс айта отырып, алдағы уақытта да толағай табыстарға жете берулеріне тілектестік білдіреміз.