Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай әдеби кеш өтті.
22
апрель
2022
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай әдеби кеш өтті.
      Мектебіміздің мәжіліс залында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай мектеп оқушыларының қатысуымен әдеби кеш ұйымдастырылды. Кештің бірінші бөлімінде оқушылар ұлы ғалымның ғылыми еңбектері мен әдеби мұралары, сондай-ақ өмір жолы туралы сөз сөйлеп, өлеңдерін нақышына келтіре орындады. 10-сыныптың өнерпаз оқушылары домбырамен «Ерке сылқым» күйін орындап, кештің сәнін келтірсе, 8-сыныптың оқушылары
Бүгін мектебімізде тәрбие іс-шаралары мен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
19
апрель
2022
Бүгін мектебімізде тәрбие іс-шаралары мен дөңгелек үстел
          Бүгін  1 - 4 сыныптарда "Біз   -   табиғат қорғаны" ,  5-11 сыныптарда "Болаш а ғым бүгіннен: Кім болам?" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. 8-сыныптарда Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру тұжырымдамасы бойынша: "Көшбасшы болу өнері.  Басқаларды басқару үшін алдымен өзіңді басқаруды үйрен" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.                                                                                                                           Жауапты :  ДТІЖО  Кыпшакова
Аудандық теннис жарысынан топ жарды.
15
апрель
2022
Аудандық теннис жарысынан топ жарды.
          Аудандық мектепаралық 5-11 сыныптар аралығындағы теннис жарысынан ұлдар 1-орын, қыздар 2-орын алып, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Жетекшісі: дене шынықтыру пәні мұғалімі Нұрғалиев Тимур.
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ АТЫНАН МАДАҚТАМА ҚАҒАЗҒА ИЕ БОЛДЫ.
14
апрель
2022
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ АТЫНАН МАДАҚТАМА ҚАҒАЗҒА ИЕ БОЛДЫ.
     Бүгін Халықаралық техникалық инспекторлар күніне орай мектебіміздің техникалық инспекторы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерсариев Медет Ермағанбетұлы аудандық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымы атынан мадақтама қағаз алып, сый-сияпатқа ие болды. Өз тарапымыздан әріптесімізді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтап, табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіреміз. 
«Мен және менің полицейім» акциясы өткізілді.
13
апрель
2022
«Мен және менің полицейім» акциясы өткізілді.
       Бүгін (13.04.2022)  мектеп-гимназиямызда мектеп инспекторлары- полиция капитаны Н.А.Бердіғұлов және полиция капитаны Е.Т.Абілдаев «Мен және менің полицейім» акциясын өткізді. Акция барысында мектеп инспекторлары оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндірді.  
Сенбілік өтті.
12
апрель
2022
Сенбілік өтті.
Сәуір айының 9-ші жұлдызында қаламызда санитарлық тазарту, көркейту және күл-қоқыстарды жинау мақсатында сенбілік шарасы өтті. Сенбілікке біздің мектеп мұғалімдері де бір кісідей атсалысып, әрбір бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді. Негізінде сенбіліктер тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалы мол. Бұндай қоғамдық жұмыстарға мектеп мұғалімдері де барынша атсалысып, үрдіске
"Наурыз мерекесі " тақырыбында  шеберлік сабағы өткізілді.
11
апрель
2022
"Наурыз мерекесі " тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді.
Өткен аптаның сенбісінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен көркем еңбек пәні мұғалімдерінің  жетекшілігімен 5-7 сынып оқушылары арасында Millenuim орталығының мамандары: Арипов Дильшат, Иллахунов Алишер, Адитбеков Адик қатысуымен  "Наурыз мерекесі " тақырыбында  шеберлік сабағы өткізілді.
Қалалық "Наурыз - ән-жырым" байқауында топ жарды.
11
апрель
2022
Қалалық "Наурыз - ән-жырым" байқауында топ жарды.
Бүгін қалалық "Наурыз - ән-жырым" байқауында "Музыкалық аспапта өнер көрсету" номинациясы бойынша өнер көрсеткен мектебіміздің "Ақжелен" домбырашылар ансамблі (жетекшісі - Атантаева Бұлбұлқұс Абылғазықызы) ІІ орын алып, қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының марапатына ие болды.