28
май
2022
АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Алматы қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мектебіміздің биология пәні мұғалімі Ибраимова Бақыт Тасболатқызы мен география пәні мұғалімі Арзикулова Гүлмира Азкенқызын «Пән бойынша ұзақ, орта және қысқа мерзімді оқу жоспарларын талдау» тақырыбындағы Қалалық семинарда қолдау көрсетіп, педагогикалық тәжірибелерін қала мұғалімдеріне бөлісудегі жетістіктері үшін Алғыс хатпен марапатталды. Құтты болсын, дейміз. Ұлағатты ұстаздарымыздың педагогикалық тәжірибелері қала мұғалімдерінің игілігіне айнала берсін.

